Кардиологиядағы инновация: жасанды интеллекті бар тамырішілік УДЗ қолжетімді болды

Кардиологиядағы инновация: жасанды интеллекті бар тамырішілік УДЗ қолжетімді болды

https://kaz.inform.kz/news/kardiologiyadagi-innovatsiya-zhasandi-intellekt-bar-tamirshlk-udz-kolzhetmd-boldi-c5401e/

 АСТАНА. KAZINFORM — Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми‑зерттеу институты коронарлық артерияларды зерттеуге арналған жасанды интеллекті бар жаңа буын тамырішілік ультрадыбыс (ТІУДЗ) жүйесін клиникалық тәжірибеге енгізді. Инновациялық әдіс Ресейдің жетекші рентгенхирургі Владимир Ардеевтің қатысуымен өткен шеберлік сағаты аясында алғаш рет қолданылды.