📅 Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты білім беру бағдарламалары бойынша резидентураға қабылдау науқаны басталғаны туралы хабарлайды:
✅Аллергология және иммунология (ересектер, балалар), оқу мерзімі -2 жыл;
✅ Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар), оқу мерзімі — 3 жыл;
✅ Гастроэнтерология (ересектер, балалар), оқу мерзімі — 2 жыл;
✅ Кардиология (ересектер, балалар), оқу мерзімі — 3 жыл;
✅ Пульмонология (ересектер, балалар), оқу мерзімі — 2 жыл;
✅Ревматология (ересектер, балалар), оқу мерзімі — 2 жыл;
✅Терапия, оқу мерзімі -2 жыл;
✅ Эндокринология (ересектер, балалар), оқу мерзімі — 2 жыл.
✅Кардиохирургия (ересектер, балалар), оқу мерзімі — 4 жыл.
📍Сапалы білім алуға мүдделі үміткерлерді 2025 жылғы 27 маусымда Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 120/25 мекенжайы бойынша конференц-залда, 4-қабат, сағат 15.00-де өтетін Институттың АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ қатысуға шақырамыз.
Сіздердің:
✅Институтпен және резидентураның білім беру бағдарламаларымен танысуға;
✅медициналық, клиникалық, ғылыми және білім беру салаларында мансапты жоғарылату мүмкіндіктері туралы білуіңізге;
✅білім алушылармен резиденттермен және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесуге;
✅ резидентураға қабылдау бойынша кеңес алуға мүмкіндіктеріңіз болады.
🚀Бізге қосылыңыз және медицина саласындағы кәсіби және жеке дамуыңыз үшін Сізге ұсынылатын барлық мүмкіндіктер туралы мәлімет алыңыз.
Біз Сіздермен кездесуді асыға күтеміз!
Құрметпен, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ