Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында созылмалы жүрек қызметі жеткіліксіздігінің мамандандырылған кабинеті – СЖЖ ауыр түрлерімен ауыратын науқастарға кешенді көмек көрсетуге және емдеудің жоғары технологиялық түрлеріне дайындауға бағытталған құрылымдық бөлімше жұмыс істейді.
🫀 Созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі — жүрек-қан тамырлары жүйесінің ең ауыр ауруларының бірі. CЖЖ пациенттердің өмір сапасын төмендетеді және ауыр жағдайларда сол жақ қарыншаның көмекші құралын (LVAD) имплантациялау немесе жүрек трансплантациясы сияқты операцияларды қажет етеді.
📌 СЖЖ кабинетінің негізгі міндеттері:
✅Аурудың ауырлығын уақытылы диагностикалау және анықтау
✅Науқастың жағдайын жақсарту үшін терапияны дәрі-дәрмекпен оңтайландыру
✅Пациенттер мен олардың туыстарына ақпараттық қолдау көрсету
✅Жоғары технологиялық емдеу көрсетілген пациенттерді іріктеу және дайындау
✅Операциядан кейінгі кезеңді және оңалтуды қоса алғанда, барлық кезеңдерде сүйемелдеу
👩⚕️Біз кімдерді қабылдаймыз?
✅NYHA классификациясы бойынша ІІІ-IV функционалдық класс пациенттері кабинетке жіберіледі, әсіресе:
✅оңтайлы дәрілік терапия аясында симптомдардың нашарлауы;
✅жүрек қызметі жеткіліксіздігіне байланысты қайтадан ауруханаға жатқызу;
✅шығару фракциясының айқын төмендеуі (<30%) және жүректің ауыр зақымдануының басқа белгілері болған жағдайларда.
⚙️ СЖЖ кабинетінде қабылдау медициналық көрсеткіштерге сәйкес пациенттер үшін тегін негізде жүзеге асырылады.
👩⚕️ ️ Біз бастапқы буын дәрігерлері мен бейінді мамандарды ынтымақтастыққа шақырамыз. Ауыр CЖЖ белгілері бар науқасты уақытылы жіберу оның өмірін сақтау және өмір сапасын жақсарту үшін шешуші қадам болуы мүмкін.