

Ресми интернет-ресурс
2024 жылы КІАҒЗИ халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растады және JCI қайта аккредиттеу рәсімінен өтті
2024 жылғы шілде айында JCI (Joint Commission International) медициналық ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі Халықаралық біріккен комиссия Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ қызметіне бағалау жүргізді. Институт алғаш рет 2021 жылы осындай аудиттен өткен, алайда көрсетілетін көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын сақтау үшін JCI аккредиттеуі заманауи халықаралық стандарттарға тұрақты сәйкестігін қамтамасыз ету үшін үш жыл сайын өткізіледі.
JCI халықаралық аккредиттеу - бұл медициналық көмектің жоғары сапасының стандарты, медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін объективті тану.
Клиниканың жұмысы 1110-нан астам көрсеткіш бойынша бағаланып, олардың тек 10-ы бойынша тексеру барысында жойылған елеусіз ескертулер болды.
JCI стандарттары бойынша барлық бөлімшелер мен процестер бағаланды, олар: пациенттерді емдеу және күту тәсілдері, олардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуы, ғимараттың қауіпсіздігі, дәрі-дәрмекпен жұмыс істеу, инфекциялық қауіпсіздік, кадрлармен қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару, білім беру және ғылыми процестер, медициналық және әкімшілік персоналдың пациенттерге жеке көзқарасы. Қауіптілігі жоғары дәрі-дәрмекпен дұрыс жұмыс істеу, оларды таңбалауға және сақтауға, инциденттерді басқаруға, ауруханаішілік инфекциялардың, құлау салдарынан жарақат алу қаупін азайтуға ерекше назар аударылды.
Сапаны басқарудың жүйелі тәсілі ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Клиникада соңғы жылдары клиникалық көрсеткіштер жақсарды, пациенттердің медициналық көмектің сапасына қанағаттануы өсті, өлім-жітім төмендеді, дәрі-дәрмектерді тұтыну мен қолдану тиімдірек болды.
Осылайша, JCI халықаралық стандарттарын сақтау ұйымға жұмыс мәдениетін арттыруға, пациенттерге көмек көрсету үшін қауіпсіз орта құруға және медициналық қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
2024 жылы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатын қайта растады
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты 3 жылдан кейін Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатын тағы да растай отырып, қызметін қайта бағалаудан өтті.
С.Қайырбекова ат.Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының сараптамалық тобы 2024 жылғы 7-9 қазан аралығында Институтта сыртқы кешенді бағалау жүргізді.
Ұлттық стандарттар бойынша: стратегиялық және кешенді жоспарлау, пациенттерді емдеу және күту, пациенттердің, ғимараттың қауіпсіздігі, инфекциялық бақылау, пациенттердің құқықтары мен этикалық нормаларды сақтау, сапаны, тәуекелдерді, қаржыны, адами ресурстарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқару, еңбекті қорғау, жұмыс орнындағы қауіпсіздік және т. б. бағаланды.
Аккредиттеуден өту денсаулық сақтау жүйесіндегі ұлттық сапа стандарттарын сақтай отырып, сапалы, уақытылы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуге деген ұмтылысымыз бен қабілетімізді растады.
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына тиісті фармацевтикалық практика (GPP) талаптарына сәйкестік сертификаты берілді
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына Good Pharmacy Practice (GPP) тиісті фармацевтикалық практикалардың талаптарына сәйкестік сертификаты берілді, бұл мекеменің халыққа ұсынылатын фармацевтикалық қызметтердің сапасына қатысты белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкестігін растайды.
GPP - ұсынылатын фармацевтикалық қызметтердің, әсіресе дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты тиісті сапасын қамтамасыз ететін халықаралық стандарты. Олар: дәрілік заттарды сақтау және босату, қызметкерлердің кәсібилігі мен құзыреттілігі, қызмет көрсету сапасы және пациенттердің қауіпсіздігі.
GPP сәйкестігі дәрілік терапияның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету және халықтың фармацевтикалық қызметтерге деген сенімін арттыру үшін маңызды.
Сертификат ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент тарапынан берілді.
Әріптестерімізді кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз! Жұмыстарыңызға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы ҚР GCP стандарттарына сәйкестік сертификатына ие болды
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы ҚР GCP стандарттарына, ДДҰ этикалық сараптама стандарттарына және басшылығына, Тиісті клиникалық практика бойынша үйлестіру жөніндегі халықаралық конференцияның (ICH) басшылық қағидаттарына сәйкестік сертификатына ие болды.
Қазақстанның GCP стандарттары - бұл тиісті клиникалық практиканың халықаралық қағидаттарына негізделген, қатысушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін, сондай-ақ алынған деректердің дұрыстығын қорғауды қамтамасыз ететін, адамның қатысуымен дәрілік заттар мен денсаулыққа арналған басқа да өнімдерге клиникалық зерттеулер жүргізуді реттейтін ұлттық нормативтік құжаттар.
Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия - КІАҒЗИ жанындағы тәуелсіз сараптамалық орган. Комиссия зерттелетіндер мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігін қорғайды, сондай-ақ объектілері адам мен жануарлар болып табылатын ғылыми зерттеулер материалдарына этикалық және моральдық-құқықтық баға береді.
Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби өсу мен жаңа жеңістер тілейміз!

Ресми интернет-ресурс