logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Аллергиялық аурулардың зертханалық диагностикасы

Қоғамда өркениеттің дамуына байланысты тұрмыстық химия өнімдерінің көбеюінен аллергиямен ауыратындардың саны жылдан жылға  артып отыр. Бұл дерт адам иммунитетінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан пайда болады. Бүгінде әлем халқының 40%-і аллергияға шалдыққан. Ал  Қазақстанда аллергиямен ауыратын науқастар  саны — 35-38%. Аллергия түрлері өте көп. Бұл дерттен  жас баладан егде жастағы адамдар зардабын шегуде.

Неліктен аллергодиагностика маңызды?

Дұрыс диагноз — тиімді емдеудің алғашқы қадамы. Аллергендік сынақтар аллергиялық реакцияға не себеп болатынын дәл анықтауға көмектеседі. Бұл дәрігерге жеке емдеу стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында аллергодиагностикадағы әлемдік көшбасшы болып табылатын Phadia 250 бірегей жоғары технологиялық анализаторымен тексеріле аласыз.

«Автоматты иммунохимиялық Phadia 250 анализаторы бүкіл әлемде аллергодиагностиканың «Алтын  стандарты» болып есептеледі. 660-қа жуық аллергендерді зерттейді. Бұл анализатордың ерекшелігі  ImmunoCAP аллергокомпоненттерін қолдануында. Анализатор 1 сағатта 60-қа жуык аллерген зерттейді, 8 сағаттық жұмыс уақытында 370 тест анықтауға болады. Ол тесттерді иммунфлюоресценция ИФЛ (ImmunoCap) әдісімен жүргізеді. Бұл әдіс аллергендерге спецификалық IgE анти-денені анықтауға мүмкіндік береді, ол антиденелер негізінде қанның минимальді көлемінде аз мөлшерде кездеседі», — дейді Клиникалық-диагностикалық зертхананың меңгерушісі Гүлсім Асқарова.

Мысалы, алма — әр түрлі молекулалар жиынтығы, және әр молекула потенциальді аллерген болып табылады. Аллерго-молекула басқа да табиғи өнімде кездесуі мүмкін, мысалы жер жаңғақ немесе қайың шаңы. Нақты аллергокомпоненттерді білу аллергияны қоздыратын әр түрлі факторлармен жеңіл күресуге мүмкіндік тудырады.

Иммунокап әдісі тек бір затқа аллергиялық реакцияны табу үшін қолданады. Диагностика дәлдігі 90% құрайды.

 

Біздің зертханада аллергодиагностиканың артықшылықтары:

— Дәлдік — Еуропаның мықты ғылыми клиникалары «Phadia 250» анализаторының нәтижелерінің дәлдігін мойындады. ImmunoCAP қандағы концентрациясы төмен болса да, арнайы ІgЕ антиденелерінің болуын дәл анықтауға мүмкіндік береді.

— Аллергендердің кең спектрі — тест 300-ден астам түрлі аллергендерге, соның ішінде тұрмыстық, тағамдық, тозаң, дәрілік және жануарлар аллергендеріне реакцияны анықтай алады.

— Қауіпсіздік — ImmunoCAP — диагностиканың инвазивті емес әдісі, ол тек қан алуды қажет етеді. Тері сынақтарынан айырмашылығы, бұл сынақ аллергияның ауыр түрлерімен ауыратын науқастар үшін қауіп төндірмейді, себебі  ол аллергендермен тікелей байланыста болмайды.

— Ыңғайлылық —  Процедура тез, күрделі дайындықты қажет етпейді.

 

Стандартталған нәтижелер

— ImmunoCAP нәтижелері халықаралық стандартталған бірліктерде (kUA/L) көрсетіледі, бұл нәтижелерді әртүрлі зертханалар арасында салыстыруға және науқастың ауру динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.

— Барлық жастағы адамдарға жарамды — тест жас балалар мен егде жастағы адамдарда да жүргізілуі мүмкін, олар тері сынамаларына қарсы болуы мүмкін.

— Антигистаминдердің әсері жоқ.

— Тері сынақтарынан айырмашылығы – ImmunoCAP науқастың  антигистаминдерді қабылдағанына байланысты емес. Бұл оны үздіксіз антигистаминдік терапияны қажет ететіндерге ыңғайлы етеді.

 

Жоғарыда айтылғандардың барлығы науқастың аллергостатусын нақты білуге, дәрігерлерге адекватты және дұрыс ем жүргізуге көмектеседі. ImmunoCap тестінің нәтижесі ауру тарихымен бірге аллергияның диагностикалық дәлдігі немесе аллергияны жоққа шығару нақтылығы 90 % құрайтыны дәлелденген.

 

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет