logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Алматы дәрігерлері өзбек әріптестеріне шеберлік сабақтарын өткізді

https://aqshamnews.kz/kz/article/almaty-darigerleri-ozbek-ariptesterine-sheberlik-sabaqtaryn-otkizdi.html

“Өзбекстандағы Қазақстан медицинасының күндері” аясында Қазақстан кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі Алма Хабижанова мен дәрігер-эндоскопист Қанат Сейтбеков Ташкенттегі клиникалардың мамандарына шеберлік сабақтарын өткізді, — деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Іс-шара барысында олар ішек қабыну ауруларын диагностикалаудың заманауи әдістері (баллонды энтероскопия, видеокапсулалық эндоскопия және эндоультрадыбыстық зерттеулер) бойынша ҒЗИ жетістіктерін таныстырды.

Қазақстандық эндоскопистер «Ішек қабыну ауруларында эндоскопияның рөлі» тақырыбында «M-Clinic» медициналық орталығының эндоскопист-дәрігерлері мен гастроэнтерологтары үшін дәрістер оқыды. Шеберлік сабағы аясында ішек қабыну ауруларын диагностикалаудың заманауи тәсілдері ұсынылып, клиникалық жағдайлар мен эндоскопиялық бақылау алгоритмдері талқыланды. Диагностиканың нақтылығын арттыру және инновациялық эндоскопиялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет