logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Алматыда «Airway management — қиын тыныс алу жолдарының өтімділігін қамтамасыз ету» халықаралық қатысуымен білім беру курсы өтті

13-14 желтоқсанда Алматыда «Airway management — қиын тыныс алу жолдарының өтімділігін қамтамасыз ету» халықаралық қатысуымен білім беру курсы өтті. 45 дәрігер күрделі тыныс алу жолдарын заманауи басқару бойынша қарқынды теориялық және практикалық даярлықтан өтті. Курс аясында DAS хаттамалары талданып, 2025 жылғы жаңартылған халықаралық гайдлайндар ұсынылды.

Курсты Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Аймақтық анестезия және ауруды интервенциялық емдеу қоғамымен бірлесіп», POCUS Kazakhstan, Karl Storz, SunMedica, GE және L-Group серіктестерінің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасының анестезиологтар мен реаниматологтар федерациясының қолдауымен өтті.

Спикерлер: халықаралық және отандық сарапшылар, соның ішінде мәскеулік мамандар: Юлия Трененкова мен Диана Насибова (POCUS Moscow), сондай-ақ Андрей Прошунин (POCUS Kazakhstan, ҚР). Қазіргі заманғы практикалық тәсілдер мен қиын тыныс алу жолдарын басқарудағы халықаралық тәжірибе ұсынылды.

Практикалық дағдыларды игеруге: тікелей және бейноларингоскопияға, көмескі құрылғылармен жұмыс істеуге, фиброоптикалық интубацияға, FONA және SALAD техникаларына, сондай-ақ интубацияны алдын алу мен растаудағы POCUS (жоғары тыныс жолдарын ультрадыбыстық зерттеу) рөліне ерекше назар аударылды. Курстың практикалық бөлігі жоғары реалистік симуляторларды пайдалана отырып өткізілді, бұл оқытуды нақты клиникалық жағдайларға барынша жақындатуға мүмкіндік берді.

Курсты өткізу үздіксіз медициналық білім беру жүйесін дамытуға, анестезиологиялық және реанимациялық практикадағы пациенттердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға маңызды үлес қосты.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет