https://qazaqpress.kz/2025/08/27/almatyda-elimizdi%D2%A3-o%D2%A3t%D2%AFstik-%D3%A9%D2%A3irinde-al%D2%93ash-ret-farapulse-ablation-tehnologiyasy-bojynsha-zh%D2%AFrekke-biregej-ota-zhasaldy/
26-27 тамызда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында еліміздің оңтүстік өңірінде алғаш рет Farapulse Ablation ең соңғы технологиясы бойынша жүрекке бірегей ота жасалды. Бұл оқиға аритмияны емдеуде жаңа дәуірді ашады және Алматының инновациялық медицинадағы көшбасшы ретіндегі ұстанымын нығайтып, елдегі жоғары технологиялық медицинаны дамытудағы маңызды қадам болмақ және Қазақстанның емдеудің ең заманауи және қауіпсіз әдістерін енгізуге дайындығын дәлелдейді.