https://aqshamnews.kz/kz/article/almatyda-kardiologiia-jane-ishki-aurular-gzi-da-zamanaui-endoskopiialyq-oqu-ortalygy-ashyldy.html
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының базасында жаңа эндоскопиялық оқу орталығы ашылды.
Бұл орталықта тек Қазақстаннан ғана емес, Орталық Азия елдерінен келген эндоскопист-дәрігерлер де біліктіліктерін арттыра алады.
Орталық Evis X1 эндоскопиялық жүйелері мен жоғары технологиялы симуляторлар сияқты ең заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл оқу процесін халықаралық стандарттарға сай деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


