logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Алматыда күрделі трансплантация: бір донор 43 жастағы ер адам мен екі баланы құтқарып қалды

https://informburo.kz/kaz/newskaz/almatyda-kurdeli-transplantaciia-bir-donor-43-zastagy-er-adam-men-eki-balany-qutqaryp-qaldy

Сонымен қатар, донордың мөлдірқабықтары да алынып, болашақта көру қабілетін жоғалтқан науқастарға пайдаланылатын болады.Алматы қаласында дәрігерлер жүрек, екі бүйрек және мөлдірқабықты трансплантациялау бойынша бір мезетте бірнеше күрделі отаны сәтті жүзеге асырды. 40 жастағы ер адамның ми өлімі тіркеліп, оның органдарын туған-туыстары басқа науқастарға өмір сыйлау үшін пайдалануға келісім берді.
Отаның басты кезеңі – донорлық жүректі алу мен оны жаңа иесіне көшіру болды. Донор – Алматы қаласының орталық қалалық ауруханасына жеткізілген, ми өлімі тіркелген 40 жастағы ер адам. Оның туыстары адам өмірін сақтап қалуға келісім беріп, үлкен жүректілік танытты. Донор жүрегі Талғар қаласының 43 жастағы тұрғынына, ауыр жүрек дертіне шалдыққан ер адамға салынды. Ол көп жыл бойы ишемиялық кардиомиопатия, жүре пайда болған жүрек ақауы және митральды қақпақша жеткіліксіздігі сынды күрделі диагноздармен өмір сүріп келген. Жүрек қызметінің негізгі көрсеткіші – шығару фракциясы – небәрі 26% ғана болған, бұл қалыпты деңгейден әлдеқайда төмен.

 

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет