Атеросклероз апталығы аясында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында осы маңызды тақырыпқа арналған алғашқы пациенттер мектебі өтті.
Қазір клиникада емделіп жатқан пациенттер сабаққа белсене қатысты: сұрақтар қойды, өз проблемаларымен бөлісіп, сұрақтарына мамандардан жауаптар алды.
— Атеросклероз дегеніміз не және ол неге дамиды;
— атеросклерозды қалай бақылауға алуға болады;
— қандай талдауларды бақылау маңызды;
— қандай дәрілер жүрек пен қан тамырларын қорғауға көмектесетіні
туралы сұхбаттастық.
💡 Атеросклероз — бұл тек бір пациенттің ғана проблемасы емес. Оның туыстарының да ауру қаупі жоғары болуы мүмкін және барлық отбасы үшін уақытылы аурудың алдын алу туралы есте сақтау маңызды.
Пациенттер көптеген жаңалықтар мен пайдалы дүниелерді білгенін айтып өтті.
Біз бұл форматтың сұранысқа ие болғанына қуаныштымыз және пациенттер мектептерін тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отырмыз.
Жүрек саулығы — дәрігер мен пациенттің бірлескен жұмысы, ал білім өзгерістерге алғашқы қадам болып табылады.
#неделяатеросклероза #Атеросклероз апталығы