logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Аяғыңыздың ауырсынуының алдын алыңыз және уайымнан құтылыңыз

Қант диабеті қозғалысты шектемеуі керек. Егер Сізде қант диабетінің зардабынан аяқтың ауырсынуы, ұйып қалуы немесе басқа проблемалары болса, маманға баруды кейінге қалдырмаңыз.

Біз Диабеттік табан кабинетінде аяқтарыңыздың саулығы мен жайлылығын сақтауға көмектесетін кешенді диагностика мен тиімді емдеу әдістерін ұсынамыз. Біз Сіздердің ауыртпалықсыз өмір сүрулеріңізге көмектесеміз.

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында Диабеттік табан   мамандандырылған кабинеті қызмет көрсетеді.  Мұнда асқынулардың салдарынан аяқтың зақымдануынан зардап шегетін қант диабетімен ауыратын науқастарға жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі. Кабинеттің бірегей ерекшелігі -заманауи технологиялар мен кешенді тәсілді пайдалана отырып, диабеттік аяқты диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу.

Эндокринология, әсіресе қант диабеті проблемалары — әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімінің деректері бойынша 2025 жылы Қазақстанда қант диабетімен ауыратын 535 033 пациент тіркелген, оның ішінде: 504 456 адам (95%) — 2 типті қант диабетімен; 30 577 адам — 1 типті қант диабетімен. 2 типті қант диабеті айтарлықтай «жасарған». Қант диабеті -соқырлық, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, инфаркт пен инсульт ауруларының негізгі себептерінің бірі және  аяқты ампутациялау қажеттілігіне әкеледі.

Осы тұрғыдан, кабинеттің ашылуы диабеттік асқынулардың алдын алу мен емдеу үшін маңызды, ал жоғары технологиялық әдістерді енгізу пациенттердің өмір сүру сапасын едәуір арттырады.

Кабинетте:

— трофикалық бұзылуларды консервативті және хирургиялық емдеуді, аурудың барлық кезеңдерінде пациенттерді бақылаумен қоса, диабеттік табан синдромын емдеуге маманданған хирург-дәрігер жұмыс істейді;

— сүйелді кетіру, жарылғанды емдеу, гиперкератоз, етке енген тырнақты түзету сияқты профилактикалық тазалауды жүзеге асыратын подолог жұмыс істейді, бұл асқынулардың дамуын болдырмауға және аяқтың денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Инструменталдық диагностикаға ерекше назар аударылады, бұл: аяқтардың  электронейромиографиясы. Бұл диабеттік полиневропатияның ерте кезеңдерін анықтауға және асқыну қаупін азайтып, емдеуді уақытылы тағайындауға ықпал етеді. Жаяу жүру және демалу кезінде аяқтың табан бетіне қысымның таралуын бағалау үшін компьютерлік бароподометрия қолданылады. Методика артық қысым мен биомеханиканың бұзылу аймақтарын жоғары дәлдікпен анықтауға, аяқтың деформациясын анықтау және жеке ортопедиялық ұлтарақтарды таңдау; ойық жара ақауларының пайда болуын болдырмау; емдеу динамикасын қадағалау және ең тиімді оңалту шараларын таңдауға мүмкіндік береді.

Бүгін кеңес алуға жазылыңыз және салауатты өмір сүруге алғашқы қадам жасаңыз.

 

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет