Кульзида Мукиевна Кошумбаева
Ғылыми дәрежесі: медицина ғылымдарының кандидаты
Ғылыми атағы: доцент (қауымдастырылған профессор).
Еуропалық кардиологтар қоғамының (ЕКҚ), Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығының (EHRA) мүшесі, ҚР кардиологтар қауымдастығы президиумының және Қазақ аритмологтар қоғамы президиумының мүшесі.
Ғылыми қызығушылықтары: кардиология, аритмология
Ғылыми жобалар:
- «Жүрек ырғағының бұзылуын емдеудің тиімді сараланған тәсілдерін әзірлеу» ҒТП (1990-1993 жж., 1994-1996 жж.), жауапты орындаушы;
- «Негізгі жүрек-қан тамыры аурулары кезінде жүрек ырғағының бұзылуын диагностикалау және емдеу әдістерін әзірлеу және жетілдіру (1997-1999 жж.), жауапты орындаушы;
- «Жүрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде жүрек ырғағының бұзылуын емдеудің сараланған тәсілдерін әзірлеу» ҒТП (2000-2002 жж.), жауапты орындаушы;
- «Негізгі жүрек-қан тамыры аурулары (дәрі-дәрмектік терапия, электрокардиостимуляция, трансвеноздық катетерлік радиожиілік аблациясы) кезінде аритмияның әртүрлі түрлерін емдеудің сараланған әдістерін әзірлеу» ҒТП (2003-2005 жж.), жоба жетекшісі;
- «Диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын әзірлеу жолымен жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім мен ауруларды азайту» ҒТП (2006-2009 жж.), жетекші ғылыми қызметкер;
- «Әлеуметтік маңызды эндокриндік аурулар кезіндегі жүрек-қан тамыры жүйесі аурулары мен олардың асқынуларын диагностикалау мен емдеуді жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу» ҒТП (2009-2011 жж.), жетекші ғылыми қызметкер;
- «ҚР ауыл халқына қызмет көрсететін медициналық ұйымдарды дамытудың инновациялық технологиясының моделін әзірлеу» ҒТП (2012-2014 жж.), жетекші ғылыми қызметкер;
- «Байер» интервенциялық емес бақылау зерттеуі (Германия) XANTUS — EL (ксарелто жүрек алды фибрилляциясының қақпақталмаған нысаны бар пациенттерде орталық нерв жүйесінің шегінен тыс инсульт пен жүйелі эмболияның алдын алу құралы ретінде). Зерттеуге компанияның демеушісі (2013-2015 жж.), жобаның жауапты орындаушысы;
- Обсервациялық зерттеу бағдарламасы бойынша жүрекше фибрилляциясы бар пациенттердің ұзақ мерзімді тіркелімі (EURObservational Research Programme «Atrial Fibrillation General Long — Term Registry»). Тізілімді Еуропалық кардиологтар қоғамы әзірледі. (2013-2018 жж.), Қазақстан Республикасынан жобаның бас орындаушысы;
- «Негізгі инфекциялық емес аурулардың эпидемиологиялық мониторингінің қазіргі заманғы жүйесін әзірлеу және енгізу» ҒТП (2015-2017 жж.), жетекші ғылыми қызметкер;
- «Қазақстан Республикасында дербестендірілген және профилактикалық медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы» ҒТП (2021-2023 жж.), жетекші ғылыми қызметкер;
- «Қан айналымы жүйесі ауруларынан, созылмалы респираторлық аурулардан және диабеттен ерте өлім-жітім қаупін төмендетуге бағытталған инновациялық және тиімділігі жоғары технологияларды әзірлеу» ҒТП (2021-2023 жж.), жетекші ғылыми қызметкер.
Наградалар:
- «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
- ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы;
- «Қазақстанның үздік аритмологы» ҚР кардиологтар қауымдастығының дипломы;
- Қазақ аритмологтар қоғамының «Кардиологияны дамытудағы айрықша еңбегі және клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмология бойынша Халықаралық мектепке белсенді қатысқаны үшін» құрметті дипломы;
- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің Алғыс хаты.
Байланыс ақпараты: