Жыл сайын 29 қыркүйекте бүкіл әлемде Дүниежүзілік жүрек күні атап өтіледі. 2025 жылдың ұраны адамдарды жүрек денсаулығына мұқият болуға шақырады. Әлем бойынша жыл сайын жүрек-қантамыр ауруларынан 17,9 млн. адам көз жұмады. Бұл – жұқпалы емес аурулардан болатын өлім-жітімнің жартысынан астамы.
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Консультациялық-диагностикалық орталығының жоғары санатты кардиолог дәрігері Георгий Бердышевтің айтуынша, жүрек пен қан айналымы жүйесінің дұрыс жұмысы адам ағзасының барлық мүшелері мен жүйелеріне, өмір сүру ұзақтығы мен сапасына тікелей әсер етеді. Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу — денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі.
Мына қарапайым кеңестерді ұстаныңыз:
Дұрыс тамақтаныңыз – қаныққан майларды, трансмайларды, ГТО, тұз бен қантты шектеңіз. Көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар және минералдарға бай магний сияқты өнімдерді көбірек тұтыныңыз. Артық салмақ пен семіздік жүрек-қантамырлары ауруларының қаупін арттырады. Рацион мен дұрыс тамақтану туралы авторы Джордж Озаваның (Аюрведа) «Дзен макробиотикасы» секілді әдістемелермен танысуға болады.
Физикалық белсенді болыңыз – тұрақты дене белсенділігі жүрек пен қан тамырларын нығайтады. Жаттығу кезінде дұрыс тыныс алуға назар аударыңыз. Бұл жөнінде емдік дене шынықтыру дәрігері базалық білім бере алады.
Дәрігермен кеңесе отырып, Айкуне (Қазақстаннан шыққан, бүгінде бүкіл әлемге танымал), Прана йога, Здрава сияқты арнайы әдістемелерді қолдануға болады.
Зиянды әдеттерден бас тартыңыз – темекі шегу мен алкоголь жүрек пен қан тамырларына кері әсер етеді. Бұл жағдайда Шичко әдістемесі көмектеседі. Жастарға Джек Лондонның «Джон Ячменное Зерно» (ағылш. John Barleycorn) атты автобиографиялық әңгімесін оқуға кеңес беруге болады.
Стресті басқаруды үйреніңіз – күйзеліс жүрек пен тамырларға жағымсыз әсер етуі мүмкін. Өмірде бәрі өзіміз қалағандай бола бермейтінін түсіну және қабылдау қажет. Ұсақ-түйекке бола уайымдаудан аулақ болыңыз.
Қан қысымын, тамыр соғуын және қан құрамын тұрақты бақылаңыз – липидтік спектр, қандағы қант деңгейін қадағалап жүріңіз. Бір рет липопротеин (а) деңгейін тексертіп көріңіз – бұл көрсеткіш сіздің генетикалық ерекшеліктеріңізге сай май алмасу нормаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Уақытылы жүрек-қантамыр жүйесін тексеру және алдын алу үшін дәрігерге қаралып тұрыңыз.
Егер Сізде жүрек-қантамыр аурулары бар болса – дәрігер тағайындаған емдеу мен тексеру жоспарын сақтаңыз. Қажет болған жағдайда фитотерапияны да дәрігер ұсынуы мүмкін. Қайта қаралу мерзімі әдетте – әр 2–3 ай сайын, ал жеңіл түрінде – сирек болуы мүмкін.
Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу – ұзақ мерзімді процесс, салауатты өмір салтын ұстану арқылы жүрек ауруларының даму қаупін азайтып, жалпы денсаулықты жақсарта аласыз.
Жүрегіңізге қамқор болыңыз!