logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

D ДӘРУМЕНІ: ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІН ҚАЛАЙ ТОЛТЫРУҒА БОЛАДЫ?

D дәруменін «күн дәрумені» деп атайды: ол біздің терімізде күн сәулесінің әсерінен түзіледі. Бірақ бүгінде тіпті күн шуақты елдерде де көптеген адамдар оның жетіспеушілігінен зардап шегеді.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ эндокринология кафедрасының ассистенті Әсем Оспанованың айтуынша, D дәрумені гормон сияқты әрекет етеді және организмдегі көптеген процестерге қатысады:

— Иммунитетті нығайтады — ағзаға вирустар мен қабынулармен күресуге көмектеседі.

— Сүйектер мен тістердің беріктігін сақтайды — кальцийді сіңіруге көмектеседі.

— Көңіл-күйге әсер етеді – оның жетіспеушілігінен мазасыздық, депрессия және үнемі шаршап жүру сияқты белгілер пайда болады.

— Бұлшықет жұмысын жақсартады – бұл әсіресе егде жастағы адамдарға құлау мен жарақаттануды болдырмау үшін маңызды.

«Егер Сіз күн шуақты елде тұрсаңыз да, жетіспеушілік күннің аздығынан туындауы мүмкін: қыста, бұлтты ауа-райында немесе үйде көп уақыт өткізсеңіз.

— SPF кремдерін қолдану: олар терідегі D дәрумені синтезін блоктайды.

— Жас келген сайын терінің D дәрумені нашар өндіріледі.

— Тамақтану: егер рационда майлы балық, жұмыртқа және витаминнің басқа көздері аз болса.

— Кейбір аурулар: мысалы, ішек, бауыр, бүйрек аурулары.

— Артық салмақ: D дәрумені май тінінде «сақталады» және қол жетімсіз болады», — дейді дәрігер.

Д витаминінің жетіспеушілігі жиі суық тию, шаршау, апатия, бұлшықет ауруы және әлсіздік, нашар ұйқы, көңіл-күйдің өзгеруі, мазасыздық түрінде көрінуі мүмкін. Балаларда сүйектер баяу өседі (рахит), ересектерде сүйектер әлсірейді (остеопороз, сыну қаупі жоғары). Нақты білу үшін организмдегі D дәрумені деңгейінің көрсеткіші — 25(OH) D-ға  қан тапсыру керек.

D дәрумені нормалары (қан сарысуындағы 25(oh)D деңгейі):

нг / мл      нмоль / л

Айқын тапшылық      <10           <25

Тапшылық                  <20           <50

Жеткіліксіздік            20-30       50-75

Оңтайлы деңгей         30-50       75-125

Ықтимал уыттылық   >100         >250

Азық-түлік көздері (D3): майлы балық, балық майы, треска бауыры, жұмыртқаның сарысы, сүт, йогурт, жармалар.

Күн сағаты: D витаминін өндіру үшін теріге 15-30 мин аптасына 2-3 рет УФ-В  (290–315 нм) сәулелерінің дененің ашық жерлеріне SPF жақпай түсуі қажет (қол, бет, аяқ)

D витаминінің профилактикалық және емдік дозалары (МЕ/тәулігіне):

Алдын алу                               Тапшылықты емдеу

0-12 айлық балалар         400-1000                                  2000*   дейін

1-18 жастағы балалар      600-1000                                 4000*     дейін

Ересектер <70 жас          1500-2000                                4000-6000*

Қарттар >70 жас             2000-4000                                7000 * дейін

Жүкті әйелдер/бала емізетін   2000

D дәрумені таңертең немесе күннің бірінші жартысында қабылдаған жөн::

— Әрқашан майлармен (мысалы, таңғы ас кезінде), өйткені D дәрумені майда ериді.

— D3 формасы D2-ге қарағанда белсенді және тиімді.

Тәулігіне >10 000 МЕ ұзақ уақыт бойы бақылаусыз қабылдаған кезде артық дозалану қаупі болуы мүмкін. Гипервитаминоз D белгілері: жүрек айну, құсу, анорексия, шөлдеу, полиурия, әлсіздік, аритмия, жұмсақ тіндер мен бүйрек кальцинозы, бүйректің зақымдануы

25(OH) D  талдауы қауіп тобындағы адамдар: остеопороз, ішектің, бауырдың, бүйректің созылмалы аурулары, семіздік, егде жастағы адамдар, глюкокортикоидтарды, антиконвульсанттарды, антиретровирустық препараттарды үнемі қабылдайтын адамдар, менопаузадағы әйелдер, құрысулары,  бұлшықет әлсіздігі бар науқастар, рахит белгілері бар балалар тапсыруы керек.

 

 

 

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет