ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы Болат Төкежанов Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында болды. Басқарма төрағасы Марат Пашимов клиникада көрсетілетін медициналық қызметтер, медициналық техникамен жарақтандыру, жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы қысқаша баяндады.
Бірінші кезекте Б.Токежанов жыл сайын 15 000-нан астам амбулаториялық пациент келетін консультациялық-диагностикалық орталыққа барды. Ал қабылдау бөлімшесі арқылы жыл бойы клиникаға барлық 17 облыстың және республикалық маңызы бар 3 қаланың тұрғындары емдеуге жатқызылады. Болат Тұрғанұлы сәулелік және функционалдық, ультрадыбыстық диагностика бөлімшелерінде болды, бөлімшеде күрделі аурулары бар пациенттер үшін республикадағы заманауи толық кардиопакеті және 3d-визуализациясы бар премиум – класты КТ аппараты қолжетімді. Премиум сапаның жаңа буынының ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі орнатылған.
Кардиохирургиялық бөлімшеде жағдайдың ауырлығын ескере отырып, басқа орталықтарда операциядан бас тартылған пациенттерге күрделілігі V-VII санаттағы операциялар жасалады. Алматыда алғашқы LVAD операциялары және донорлық жүрек трансплантациясы жасалды. Қонаққа халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жаңартылған рентгенэндоваскулярлық оперблок көрсетілді. TAVI, ротабляция және т.б. ҒЗИ-да жүргізілетін рентгенэндоваскулярлық араласулар туралы айтылды.
Клиникалық-фармакологиялық бөлімде ҚР заңнамасына сәйкес фармацевтикалық тәртіпті сақтай отырып, бөлімшелерге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қабылдау, сақтау және босату қалай жүргізілетіні көрсетілді.
Институт терапиялық бейіндегі пациенттерге мамандандырылған көмекті дамытуда. Көптеген созылмалы инфекциялық емес ауруларды емдеуде ерте диагностика технологиялары енгізілуде. Диабет және метаболизм орталығы, диабеттік аяқ кабинеті күрделі жөндеуден кейін пациенттерді қабылдауға дайындығы көрсетілді. Жақында жаңа жабдық — артық қысым мен биомеханиканың бұзылу аймақтарын жоғары дәлдікпен бекітуге мүмкіндік беретін заманауи бароподометриялық платформа сатып алынды.
Кездесу соңында ҚР ДСМ Аппарат басшысы институтта қыруар жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.