logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімі

Ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімі — ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлауды, ұйымдастыруды және үйлестіруді, ғылыми ұжымдардың, уақытша ғылыми топтардың және жекелеген зерттеушілердің жұмысын сүйемелдеуді жүзеге асыратын институттың құрылымдық бөлімшесі. Бөлім қызметі басым ғылыми бағыттарды дамытуға, институттың ғылыми кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ғылыми нәтижелерді клиникалық практикаға енгізуге және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Бөлім ғылыми жобаларды әдістемелік және ақпараттық қолдау функцияларын орындайды, ғылыми іс-шараларды ұйымдастырады, ҒЗЖ орындалуына мониторинг және бақылау жүргізеді, гранттар мен конкурстар бойынша дерекқорды қалыптастырады, гранттарға, сыйақы мен стипендияларға өтінімдерді дайындауға жәрдемдеседі, сондай-ақ зерттеушілердің зияткерлік меншігін қорғауды қамтамасыз етеді.

Бөлім менеджмент бөлімінен, клиникалық эпидемиология секторынан, дәлелді медицина және биостатистика секторынан, патенттік-ақпараттық сектордан тұрады.

  • ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды, оның нәтижелерін жалпылау мен талдауды, ол бойынша есептілікті ұсынуды үйлестіреді және қамтамасыз етеді;
  • бірлескен зерттеулер жүргізу үшін отандық және шетелдік әріптестерді тартады;
  • ұйымда әзірленетін клиникалық және іргелі зерттеулер, клиникалық хаттамалар, әдістемелік ұсынымдар мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады;
  • институт қызметкерлерінің зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижесі болып табылатын ғылыми еңбектерді басып шығаруға дайындықты жүзеге асырады.
  • санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау, адам денсаулығына, оның тіршілік ету ортасына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындау бойынша жұмыс жүргізеді;
  •  халық денсаулығының демографиялық көрсеткіштерін есептеу мен бағалауды, инфекциялық емес аурулардың пайда болуы мен таралуының себептері мен қауіп факторларын бағалауды жүргізеді.
  •  сырқаттанушылыққа ағымдағы және ретроспективті эпидемиологиялық талдау жүргізеді.
  • диагностиканың, емдеудің және алдын алудың жаңа әдісін қолдану сапасын бағалайды;
  • ғылыми зерттеулер жүргізудің қауіпсіздігін бақылайды;
  • дәлелді медицина тұрғысынан ауруларды диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың жаңа әдістерін патенттік іздестіруде әдістемелік көмек көрсетеді;
  • дәлелді медицина мәселелері бойынша институт қызметкерлеріне семинарлар өткізеді.
  •  ғылыми-техникалық бағдарламалардың орындалуын үйлестіреді, қойылған мақсатқа сәйкес нәтижелерді алу және ресімдеу әдістерін бақылауды жүзеге асырады;
  •  институт шеңберінде жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне статистикалық талдау жүргізеді.
  •  
  • патенттік іздеуді жүргізеді;
  •  патенттік зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді;
  •  ғылыми-техникалық бағдарламалардың нәтижелері бойынша патент алу үшін құжаттар топтамасын ресімдеуде әдістемелік көмек көрсетеді;
  •  ғылыми қызметкерлердің дәйексөзділігі мен жариялануына талдау жүргізеді;
  •  ғылыми-техникалық бағдарламалардың негізгі бағыттары бойынша шетелдік журналдарды іріктеуде әдістемелік көмек көрсетеді.

Бөлім басшысы Даньярова Лаура Бахытжановна Ғылыми дәрежесі: медицина ғылымдарының кандидаты, MD PhD

Байланыс ақпараты: 

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет