logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Кардиолог мектебінде стационарлық ем қабылдап жатқан науқастарға арналған сабақтар өтті

Кардиолог мектебінде кардиология және оңалту бөлімшесінде стационарлық ем қабылдап жатқан науқастарға арналған сабақтар өтті.

Кардиолог дәрігер Талшын Қалиолдаева тромбоздар мен тромбоэмболиялардың алдын алу және емдеу үшін қолданылатын тікелей әсер ететін антикоагулянт — варфарин, оның әсер ету механизмі, фармакокинетика, қолдануға көрсетілімдер, әсер ететін факторлар, сондай-ақ оны қалай қабылдау керектігі туралы түсіндірді.

Пациенттер диеталық кеңес алды.

Сабақ барысында пациенттер белсенділік танытып, лекторға сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Алынған білім пациенттерге денсаулығын сақтауға, дәрігердің ұсыныстарын орындауға ынталандыруды қалыптастыруға, емдеу мен оңалтудың тиімділігіне қол жеткізуде медицина қызметкері мен пациенттің бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сабақты өткізудің мақсаты — емделушілердің емделуге бейімділігін арттыруға ықпал ету, өз денсаулығы мен өмір сүру сапасы үшін жауапкершілікті арттыру.

Емделушінің санасында оның емдеуге қатысуының маңыздылығын қалыптастыру маңызды.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет