26 маусымда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Ұлттық инженерлік зерттеулер орталығы — Медицина үшін протеиндік препараттарына, өсу факторларына және биотехнологияларға бағытталған федералды зерттеу институты директорының орынбасары, профессор Ni Honghai бастаған Вэньчжоу университетінің (ҚХР) делегациясы келді.
Клиникаға келу барысында қонақтар қабылдау, сәулелік, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика, кардиохирургия бөлімшелерінде, рентгенэндоваскулярлық оперблок және клиникалық-диагностикалық зертханада болды.
Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Джамиля Қайбуллаева ҒЗИ қызметімен қысқаша таныстырды. Ол КІАҒЗИ елдің барлық аймақтарынан келген күрделі науқастар емделетін төртінші деңгейлі клиника екенін атап өтті. Институт қызметі денсаулық сақтау жүйесінің ғылымы, білімі мен практикасының үштұғырлығы қағидаты шеңберінде жүзеге асырылады.
Клиникада әлемдік стандарттарға сәйкес келетін ең заманауи жабдықтар орнатылған. Бұл толық кардиопакеті және 3d бейнелеуі бар премиум-класты КТ аппараты; жетілдірілген эхокардиография және қан тамырларын зерттеу мүмкіндігі бар премиум диагностиканың жаңа буынының ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі; диагностикаға арналған «Phadia 250» Автоматты ИХЛ-анализаторы және т.б.
Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев бөлімшеде кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері жасалатынын айтты. Күрделілігі V–VII санаттағы операциялар жүргізіледі. Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, басқа орталықтарда операциядан бас тартылған науқастарға жасалады. Өткен аптада донорлық жүректің үшінші трансплантациясы сәтті өтті.
Өз кезегінде профессор Ni Honghai Вэньчжоу университеті туралы презентациясын ұсынды.
Тараптар ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік білдірді. Профессор құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.