Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 1 курс резиденттерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Рәсімге институт басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және басқа да қызметкерлер қатысты.
Биылғы оқу жылы институт 9 білім беру бағдарламасы бойынша 47 маманды қабылдады.
Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев: «Сіздер барлық емтихандарды абыроймен тапсырып, дайындықтың жоғары деңгейін растап, еліміздегі ең үздік ғылыми-зерттеу институттың резидентурасына түстіңіздер. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ — Қазақстандағы жетекші медициналық ұйым. Бізде ең үздік мамандар жұмыс істейді. Кафедраларды белгілі ғалымдар, тәжірибелі мамандар, денсаулық сақтау саласының білікті ұйымдастырушылары басқарады. Біз өз қызметімізде «Нағыз дәрігер үшін медицина тек мамандық емес — қалыпты өмір салты» қағидасын ұстанамыз. Пациенттерге көмек көрсету барысында өзімізді де ұмытып кетеміз. Мен Сіздерді мейірімді болуға, командада жұмыс істей білуге, әрқашан басқаларға көмекке келуге және көмек сұраудан қорықпауға шақырамын. Әрқайсыңызға сәттілік тілеймін!»
«Мен өзім КІАҒЗИ клиникалық ординатурасын бітірдім. Үздік резиденттер бізде жұмыс істеуге қалады. Резидентурада білім алумен қатар, таңдаған медицина саласында дәрігер ретінде қосымша жұмыс істеуге мүмкіндіктеріңіз бар. Сіздерде қиындықпен қатар қызықты сәттер де болады. Оқудың алғашқы күндерінен бастап клиникалық қызметке, ғылыми жобаларға қатысып, бірегей кейстерге қол жеткізе аласыздар. Бізде барлық жағдай жасалған, олар: заманауи ғылыми база, тәжірибелі педагогикалық ұжым, инновациялық технологиялар және озық медициналық жабдықтарға қол жетімділік. Институттың қабырғасында алатын білімдеріңіз бүгінгі күннің жоғары талаптарына сай және болашақта таңдалған мамандық бойынша табысты жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын біздің резиденттерді еліміздің медициналық мекемелеріне 100% орналасу қамтамасыз етіледі — ешкім де жұмыссыз қалмайды», — деп атап өтті Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Жамиля Қайбуллаева.
Емдеу жұмысы жөніндегі директор Гүлнара Оспанова, кафедра меңгерушілері: Айсұлу Мұсағалиева (кардиология), Лаура Даньярова (эндокринология), Ольга Машкунова (ішкі аурулар), бөлімше меңгерушілері – Мақсат Жақаев (кардиохирургия), Владимир Воронцов (анестезиология, реанимация және қарқынды терапия), адами ресурстар және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гүлнара Айжолова, эпидемиолог дәрігер Гүлнара Төлепова, сервистік-шаруашылық бөлімінің басшысы Ержан Қарқынбаев және кітапхана қызметкері Тамара Төреқұлова сөз сөйледі.
Бүгінгі күн жаңа білім мен жетістіктерге толы жарқын және мазмұнды мансаптың бастауы болсын, қымбатты резиденттер!