Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап жұрекке операция жасау үшін стационарға жатқан гемодиализге тәуелді пациенттерге гемодиализ жасалады. 4 ай ішінде 14 сеанс жүргізілді, 2 программалық гемодиализ және 3 – жедел бүйрек жеткіліксіздігі кезінде.
Гемодиализ — жіті және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қанды бүйректен тыс тазарту әдісі. Процедура кезінде ағзадан зат алмасудың улы өнімдері жойылады, сұйықтық және электролит балансының бұзылыстарын қалыпқа келтіреді. Гемодиализ науқастың қан айналымы жүйесін «жасанды бүйрек» аппаратына қосу арқылы жүзеге асырылады.
Диализ алуға көрсеткіштер: қандағы мочевина деңгейінің 30 ммоль/л дан жоғары болуы; гиперкалиемия 6,5 ммоль/л жоғары болуы; рН (қышқылдық көрсеткіші) – 7,17 төмен болуы және гипергидратация.
№2 терапия бөлімшесінің нефролог дәрігері Сәрсенбай Қармақбаевтың айтуынша, диализ кезінде гипотензия, бұлшықеттердің тартылуы, жүрек айну және құсу, бас ауруы, алғашқы диализде мочевина өте жоғары болған кезде дисбаланс синдромы болуы мүмкін, бас ауруы, құрысулар, аритмия, диализаторға немесе антикоагулянттарға аллергиялық реакция, антикоагулянтты терапияның салдарынан қан кетуі ықтимал. Диализден кейін шаршағыштық және әлсіздік, гипертензия, жергілікті қабынулар, флебит, анемия болуы мүмкін.
Гемодиализ процедурасы арнайы жабдықталған медицина орталығында жүргізіледі және міндетті түрде дәрігерлер мен мейіргерлердің бақылауымен жасалады. Бұл терапияның сәттілігінің негізгі факторы — гемодиализ процедурасын жеткілікті біліктілігі мен тәжірибесі бар дәрігерлер жасау керектігін атап өткен жөн.
Гемодиализ — бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдар үшін сау өмір сүруге мүмкіндік береді, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартады.