2025 жылғы 10-12 желтоқсан аралығында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында медициналық туризмді дамытуға және шетелдік пациенттерге арналған сервис сапасын арттыруға бағытталған медициналық туризм бойынша семинар-тренинг өтті.
Үш күн бойы медицина қызметкерлері мен институттың басқару командасы медициналық туризмнің заманауи халықаралық стандарттарымен танысты, медициналық туризмнің негізгі трендтері мен әлемдік нарығын, шетелдік пациенттерді қабылдау және сүйемелдеу ережелерін, этика және мәдениетаралық коммуникация мәселелерін, пациенттерді тартудың маркетингтік және сервистік құралдарын талдады, сондай-ақ клиниканың ішкі және сыртқы экожүйесін құрды.
Клиникалық бөлімшелер бойынша трейсерлер, пациенттің жолын талдау, сондай-ақ медициналық туристер үшін тартымдылығы тұрғысынан институт қызметтеріне SWOT-талдау жүргізілді.
Cеминарды іскерлік әкімшілендіру докторы, Қазақстандық медициналық туризм қауымдастығының президенті және ҚР-дағы алғашқы сыртқы және ішкі медициналық туризм консьерж-сервисінің негізін қалаушы Кристина Кривец өткізді.
Медициналық туризм бағытын дамыту және халықаралық стандарттарды ықпалдастыру перспективаларымен КІАҒЗИ халықаралық қатынастар және медициналық туризм жөніндегі менеджері Гуля Сарыбаева таныстырды.
Семинар халықаралық талаптарға, соның ішінде шетелдік пациенттерге жауап беру жылдамдығы мен сапасына қойылатын стандарттарға сәйкес келетін жүйелі, пациентке бағытталған тәсілді қалыптастырудағы маңызды қадам болды.
Медициналық туризмді дамыту — бұл пациенттерді тарту ғана емес, сонымен қатар кәсіби құзыреттілікті және медициналық қызметтердің сапасын арттыру, қазақстандық медицинаның халықаралық имиджін нығайту.


