logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында «Pancreas шекарасыз: XXI ғасырдағы диагностика және терапия» атты мастер-класс өтті

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында гибридті форматта «Pancreas шекарасыз: XXI ғасырдағы диагностика және терапия» атты мастер-класс өтті. Іс-шара қазіргі медицинаның ең күрделі әрі өзекті мәселелерінің бірі – ұйқы безі ауруларына арналды.

Жалпы практика дәрігерлері, терапевтер, гастроэнтерологтар, эндокринологтар, эндоскопистер, хирургтер, патоморфологтар және онкологтар бір алаңда бас қосып, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту бағытында диагностикалау мен емдеудің озық стратегияларын талқылады.

Іс-шараның мақсаты: дәрігерлердің ұйқы безі және оның экзокриндік жеткіліксіздігі патологияларының патогенезі, диагностикасы мен емдеу саласындағы білім деңгейін арттыру.

Семинар барысында жедел және созылмалы панкреатиті бар, сондай-ақ ісік процестері мен эндокриндік бұзылыстары бар науқастарды емдеудің заманауи әдістері қарастырылды. Ұйқы безі ауруларына шалдыққан науқастарды бағыттау, диагностикалау және емдеудің заманауи тәсілдеріне баса назар аударылды.

Модераторлар мен спикерлер: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жетекші мамандары: ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Алмагүл Жұмабаева, №1 терапия, эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшелерінің меңгерушілері Балжан Нұғманова мен Алма Хабижанова, интервенциялық хирург Арман Ибраев, эндоскопист дәрігер Қанат Сейтбеков, патоморфолог дәрігер Анар Тоқтарова және резидент Евгения Бондарь.

Сонымен қатар, С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ хирургиялық аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Нариман Садыков және   эндоскопия орталығының меңгерушісі Индира Хамитова спикер ретінде қатысып, «Түзілістерді диагностикалаудағы эндосонографияның рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

Мастер-класс қатысушылары ұйқы безі ауруларын диагностикалау және емдеу жөніндегі жаңа халықаралық ұсынымдармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға білім беру интенсивін өткендігі туралы сертификаттар табысталды.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет