Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының комплаенс офицері Ерлан Балғабек «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптарын түсіндіру» тақырыбында дәріс өткізді, оның негізгі мақсаты: ұйым мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету.
Дәріске Институт қызметкерлері қатысты.
Ерлан Затбекұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін атап өтті, сондай-ақ институт қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ерекше назар аударылды.
Дәріс шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы белгілі бір жағдайларда қолдануға қатысты сұрақтар болжы.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылардан осындай іс-шараларға қатысу үшін институт қызметкерлерінің шеңберін кеңейту бойынша ұсыныстар түсті.
Дәріс соңында қатысушылар институт қызметкерлері арасында түсіндіру іс-шараларын одан әрі ұйымдастыру қажеттілігі жөнінде пікір алмасты.


