logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында журналистерге құрмет көрсетілді

Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесіне орай журналистермен кездесті.

БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, Марат Орумбасарұлы журналистерге алғысын білдіріп, жақсы жаңалықтар, шығармашылық шабыт, тың идеялар мен жобалардың сәтті жүзеге асуын тіледі.

«Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің еңбегі өте маңызды және жауапты. Сіздердің мамандықтарыңыз терең білім мен эрудицияны ғана емес, талантты да қажет етеді. Біз Сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз», — деді клиниканың бірінші басшысы.

Кездесуге қатысушылар қатарында: Ұлан Нарынбек — «24.KZ» ТА Алматы филиалының ақпараттық бағдарламалар бөлімінің басшысы; Жазира Бердібекова – «Қазақстан» ТА Алматы студиясының бас редакторы, Сандуғаш Қанатбекқызы және Әсем Ермекқызы-«Таңшолпан» бағдарламасының режиссері мен редакторы, Айгүл Мыңжасар – «Теледәрігер» бағдарламасының продюсері; Шынар Сатыбалдиева – «Алматы» ТА редактор-үйлестірушісі; Жібек Мейіржан – Еуразия 1 телеарнасының  редакторы, Думан Қапасов — Zakon.kz АА продюсері; Олжас Уәлиев – «Алатау ақпарат» ТА бас редакторы; Алма Мұқанова – «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі; Айнаш Есали – «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі; Нұржамал Байсақал — БАҚ ардагері, Нұржамал Әлішева – «Алматы ақшамы» газетінің бөлім редакторы; Қарлығаш Буенбай – «Информбюро» ААП корреспонденті; Сергей Сочнев «Оптимизм.kz» ААП бас директоры; Александра Мыскина – «Таspаньюс.kz» АА редакторы; Нұрқанат Атажан – «Baq kz» АА тілшісі; Юлия Абрамова — Nur.kz АА тілшісі.

Журналистер өз кезегінде клиника басшылығына жылы қабылдауы үшін алғыстарын білдірді.

Мереке құтты болсын, құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет