Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы ҚР GCP стандарттарына, ДДҰ этикалық сараптама стандарттарына және басшылығына, Тиісті клиникалық практика бойынша үйлестіру жөніндегі халықаралық конференцияның (ICH) басшылық қағидаттарына сәйкестік сертификатына ие болды.
Қазақстанның GCP стандарттары — бұл тиісті клиникалық практиканың халықаралық қағидаттарына негізделген, қатысушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін, сондай-ақ алынған деректердің дұрыстығын қорғауды қамтамасыз ететін, адамның қатысуымен дәрілік заттар мен денсаулыққа арналған басқа да өнімдерге клиникалық зерттеулер жүргізуді реттейтін ұлттық нормативтік құжаттар.
Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия — КІАҒЗИ жанындағы тәуелсіз сараптамалық орган. Комиссия зерттелетіндер мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігін қорғайды, сондай-ақ объектілері адам мен жануарлар болып табылатын ғылыми зерттеулер материалдарына этикалық және моральдық-құқықтық баға береді.
Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! Әрі қарай да кәсіби өсу мен жаңа жеңістер тілейміз!