logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да 31 маман эндокринология және кардиология бойынша резидентураны бітірді

Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да резиденттерге  сертификаттар табысталуымен салтанатты іс-шара өтті. «Эндокринология: ересектер, балалар» және «Кардиология: ересектер, балалар» білім беру бағдарламалары бойынша 31 дәрігер резидентураны аяқтады.

Оқу жылдары, ұйқысыз кезекшілік, жауапкершілік, өсу мен жеңістер артта қалды. Алда олардың әрқайсысы халыққа және таңдаған ісіне қызмет етуге дайын екендігін дәлелдейтін кәсіби жол тұр.

Түлектердің алдында Басқарма төрағасының м.а. Жамиля Қайбуллаева құттықтау сөз сөйледі: «Бүгін Сіздер жаңа өмірге қадам басып отырсыздар. Сіздер енді дәрігерсіздер, нағыз мамансыздар, білім алып, тәжірибелеріңізді шыңдадыңыздар, енді Сіздерді жаңа мүмкіндіктер, үлкен  жетістіктер  және бұдан да биік шыңдар күтіп тұр. Біз Сіздердің әрқайсыларыңызды мақтан тұтамыз! Еңбек жолдарыңызда ризашылық білдіретін пациенттер көп болсын. Бізде алған білім мен дағдылар табысты мансаптың берік негізіне айналсын және өмір бойы дамуға деген ұмтылыста болыңыздар. Сәттілік пен кәсіби жетістік тілеймін! Біздің институттың есігі Сіздер үшін әрқашан ашық!

Түлектерді эндокринология кафедрасының меңгерушісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас эндокринологы Лаура Даньярова және кардиология кафедрасының меңгерушісі Айсұлу Мұсағалиева құттықтады.

Еліміздің медициналық ұйымдарына осындай мамандықтар қажет. Айта кету керек, жыл сайын резиденттердің 100 пайызы мемлекеттік медициналық мекемелерге орналасады. Институт резиденттері білім мен практикалық дағдылардың жоғары деңгейін көрсетуде.

Түлектер өз кезегінде тәлімгерлеріне еңбектері, мол білімдері, кеңестері мен қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.

Барлық бастамаларыңыз сәтті болсын, зор жетістіктерге жетіңіздер, құрметті түлектер!

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет