logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

КІАҒЗИ басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Тогызбаев ӨИА бойынша I Қазақстан халықаралық форумында баяндама жасады

2025 жылғы 7-8 қарашада Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасының терапиялық қызмет жөніндегі орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  штаттан тыс бас ревматологы, Еуразиялық ревматологтар лигасының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ғалымжан Асылбекұлы Тоғызбаев «Өкпенің интерстициальды аурулары» атты I Қазақстан халықаралық форумына қатысты.

Форум спикерлері ретінде Қазақстан мен Ресейдің жетекші сарапшылары – пульмонологтар, терапевттер, ревматологтар, сәулелік диагностика дәрігерлері және кардиологтар сөз сөйледі.

Ғалымжан Асылбекұлы «Жүйелік аутоиммунды ревматологиялық аурулардағы өкпенің интерстициальды аурулары: ревматолог көзқарасы» тақырыбында баяндама жасап, форум қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.

Іс-шара аясында интерстициальды өкпе аурулары бар пациенттерге көмек көрсету ұйымдық мәселелері, пульмонологтың клиникалық тәжірибесіндегі сирек кездесетін ӨИА жағдайлары, дәнекер тіндердің жүйелік аурулары кезінде ӨИА диагностикасында пәнаралық тәсіл сияқты тақырыптар қаралып, талқыланды.

Сонымен қатар, интерстициальды өкпе ауруларында функционалдық өкпе тестілері бойынша және ӨИА бар пациенттердің тыныс жетіспеушілігі кезінде респираторлық қолдау бойынша 2 мастер класс өткізілді. Қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Осындай форматтағы іс-шаралар мамандарға білім мен тәжірибе алмасуға, ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге және жаңа емдеу әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет