Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының кардиолог дәрігері Виталий Павлов Шымкент қаласында Қазақстан, Ресей, Италия және басқа да елдердің жетекші сарапшыларының қатысуымен өткен Қазақстан атеросклероз қоғамының II съезінде баяндама жасады.
Съездің негізгі спикерлері қатарында Милан университетінің фармакология профессоры, Еуропалық атеросклероз қоғамының бұрынғы президенті Alberico Catapano, Болонья университетінің медицина профессоры Клаудио Борги, Ресей Федерациясының Атеросклерозды зерттеу ұлттық қоғамының президенті Марат Ежов, Қазақстан атеросклероз қоғамының президенті, профессор Махаббат Бекбосынова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар кардиологы Татьяна Иванова-Разумова болды.
Виталий Павлов өз баяндамасында коронарографияға қайта жіберілген пациенттердің қайталама профилактикасы мәселесіне назар ауда
✔ заманауи емдеу тәсілдерін белсендірек қолдануды,
✔ жоғары қауіп тобына кіретін пациенттерде бастапқы кезеңнен аралас терапияны қарастыруды,
✔ тек холестерин деңгейін төмендетіп қана қоймай, басқа қауіп факторларын да бақылауға алу арқылы кешенді ем жүргізуді ұсынды.
Съезде талқыланған негізгі мәселелер:
- Lp(a) деңгейін өмірінде бір рет болса да тексерудің маңыздылығы
- Бауырдың метаболикалық ауруы мен созылмалы бүйрек ауруларының жүрек пен қан тамырларына әсері
- перифериялық атеросклероз мәселелері
- атеросклероздың алдын алуда мейіргерлер рөлін арттыру бойынша жаңа мүмкіндіктер
📢 Мұндай кездесулер Қазақстанда пациенттер заманауи, тиімді медициналық көмек алуы үшін, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және емдеу тәсілдерін жетілдіруге, тәжірибе алмасуға ықпал етеді.