logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

КІАҒЗИ мамандары Қазақстандағы қант диабеті мен эндокриндік аурулар бойынша көмек көрсету тәжірибесімен өзбекстандық әріптестерімен бөлісті

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағдарламасы және Өзбекстандағы Қазақстан медицинасы күндері аясындп Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Қарақалпақстанның Нүкіс қаласындағы Эндокринология орталығы қызметкерлерінің кездесуі өтті.

Кездесу барысында Ташкент қаласындағы академик Ё.Х.Туракулов ат. Республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік эндокринология медициналық орталығы мен оның Нукус қаласындағы филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Құжатқа қол қою рәсімі Қарақалпақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Медициналық институт өкілдерінің қатысуымен өтті. Келісім қант диабеті мен эндокриндік ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мекемелер арасындағы ғылыми және білім беру интеграциясын күшейтуге бағытталған.

Қазақстандық мамандар Эндокринология орталығының жұмысымен танысып, диабетология мен эндокринология салаларындағы өзекті мәселелер бойынша семинарлар өткізді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас эндокринологы Лаура Бақытжанова Қазақстанда қант диабетімен ауыратын науқастарға көмек көрсету, инновациялық емдеу әдістерін енгізу, соның ішінде инсулиндік помпаларды пайдалану мен глюкоза деңгейін заманауи технологиялар арқылы бақылау тәжірибесі мен жетістіктерімен бөлісті.

Хирург Тимур Екібаев профессор, хирург Тельман Камаловпен бірлесіп операция жүргізді, олар қант диабетінің асқынуы – диабеттік аяқ синдромын емдеудің жаңа әдістері мен ампутацияның алдын алу жолдарын талқылады.

Қазақстандық делегация клиникалық-диагностикалық бөлімшені, зертхананы, Қант диабеті орталығын және Пациент мектебін аралап көрді.

Қалқанша без ауруларын ерте диагностикалау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Интервенциялық хирург-радиолог Арман Ибраев Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-де қалқанша бездің қатерсіз түзілістеріне радиожиілікті абляция әдісін енгізу нәтижелері туралы айтып берді.

Тараптар сондай-ақ кадрлар даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру және емдеудің халықаралық стандарттарын енгізу мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар ғылыми және клиникалық салалардағы ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға өзара мүдделілік білдірді.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет