Созылмалы инфекциялық емес аурулар – Орталық Азияда, Қазақстан да мезгілсіз өлім мен мүгедектіктің негізгі себебі. ҚР-да ересек тұрғындардың 9% — дан астамы 2 типті қант диабетімен ауырады, ал гипертониямен және жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын науқастардың саны 1 млн адамнан асады. Көптеген созылмалы инфекциялық емес аурулар көп жылдар бойы асимптоматикалық түрде дамиды және олардың нәтижесі дер кезінде анықтауға және араласуға тікелей байланысты.
Созылмалы инфекциялық емес аурулар саласындағы профилактикалық медицина тұрғысынан біздің әріптесіміз, стратегиялық даму және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бөлімінің менеджері Гүля Сарыбаева 8-10 тамыз аралығында Алматы қаласында өткен Public Health Hackathon 2025 байқауына қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Institute of Bioinformatics Research and Education және Kazakhstan Sociology Lab технологиялар, медицина және әлеуметтік ғылымдар тоғысында пәнаралық тәжірибе алмасу және жобаларды дамыту үшін алаң құрды. 12 елдің биолог мамандары, әлеуметтанушылары және бағдарламашылары практикалық шешімдерді ұсыну үшін ИТ-тәсілдерін, биостатистиканы және әлеуметтанулық зерттеулерді біріктіре отырып, денсаулық сақтау міндеттері бойынша топтарда жұмыс істеді.
«Метаболикалық ұзақ өмір сүруге арналған ақылды жол» жобасын 48 сағат ішінде IT мамандар тобы Гүля Қуантайқызының жетекшілігімен әзірлеп, конкурстық іріктеуден өтті. Бұл жоба — мінез-құлық, зертханалық және әлеуметтік деректерді біріктіру негізінде 2 типті қант диабеті қаупін болжау үшін жасанды интеллект үлгісін әзірлеу болып табылады.