logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

КІАҒЗИ мониторингтік тобы Алматы облысына іссапар барысында 6 ауданның орталық аудандық ауруханаларында және Қонаев қалалық ауруханасында болды

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Раушан Жарылқасынованың басшылығымен құрамында кардиолог-дәрігер Фарида Ибрагимова және бөлім маманы Индира Оразбай бар мониторингтік топ Алматы облысына іссапар аясында Қарасай, Кеген, Райымбек, Ұйғыр және Іле аудандарының орталық аудандық ауруханаларында, сондай-ақ Қонаев қалалық ауруханасында болды.

Бөлім мамандары тарапынан 2025 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша облыс деңгейінде артериялық гипертензия көрсеткіші б-ша мониторинг жүргізіліп, 2024 және 2025 жылдардың 1-жартыжылдығы бойынша қан айналым жүйесі аурулары, жедел миокард инфаркті, жедел ми қан айналымының бұзылуы б-ша аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіштері талданды.

Мониторинг барысында бірқатар медициналық ұйымдардың скринингтен өткізу, диспансерлік бақылау жүргізу, өлім себептерін дұрыс анықтамау (МСАК мамандары мен сот-медициналық сарапшылар тарапынан) мәселелері бойынша кемшіліктер анықталды. Анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою және медициналық көмекті одан әрі жетілдіру мақсатында ұсыныстар берілді:

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде:

МСАК ұйымдарында скринингтік тексерулердің сапасына мониторинг жүргізу; Денсаулық мектептерінің жұмысын ұйымдастыру; артериялық гипертензиямен ауыратын пациенттерді емдеу және қан айналым жүйесі аурулары кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмі бойынша мамандарды аттестаттау; жалпы тәжірибелік дәрігерлерді АГ бар пациенттермен жұмыс істеу және ЖКС алгоритмі бойынша оқыту; медициналық ұйымдардың статистикалық деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама орталығымен өзара жұмысты күшейту.

Медициналық ұйымдар басшылығы деңгейінде: Денсаулық мектептерінің жұмысын күшейту; қан айналым жүйесі ауруларымен диспансерлік есепте тұрған пациенттерді динамикалық бақылау жұмысын күшейту; өлім жағдайларын дұрыс анықтау; АГ бар пациенттермен жұмыс және қан айналым жүйесі аурулары кезінде шұғыл медициналық көмекті көрсету алгоритмі бойынша мамандарды аттестаттау.

Аталған іс-шаралардың қорытындысы Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшылығының қатысуымен өткен кеңесте баяндалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет