Жаңа жыл қарсаңында кезекті жұмыс жиынында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев 2025 жылдың қорытындысына тоқталып, ағымдағы жыл мазмұнды, табысты болғанын айтып, көптеген маңызды жетістіктерді атап өтті.
Зейнеткерлік демалысқа шыққан қызметкерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Зейнеткерлік демалыста болса да көпшілігі өздерінің өмірлік және практикалық тәжірибелерімен жастармен бөлісіп, жұмысын жалғастырды. Олар бүкіл өмірлерін денсаулық сақтау саласына арнап, тәлімгер ретінде жастарға өнеге болды.
Біз көп жылдық адал еңбегі, кәсіби шеберлігі мен ортақ ісімізге қосқан зор үлестері үшін:
бас консультант-кардиохируг Құрманғазы Нұрмағанбетұлы Мадалиевке,
пульмонолог дәрігер Айымхан Әбіләкімқызы Қанатбаеваға,
реанимация бөлімшесінің анестезист маманы Камила Ниязханқызы Жақуоваға,
Клиникалық-диагностикалық зертхананың фельдшері Розалия Равильевна Сребродольскаяға және Республикалық аллергология орталығының тіркеушісі Татьяна Петровна Кабишеваға алғысымызды білдіреміз. Әрдайым жақындарының мейірімі мен ыстық қамқорлығына бөленіп, өмірлері жарқын сәттерге толсын!


