logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

КІАҒЗИ Республикалық ревматология орталығының басшысы Ғалымжан Тоғызбаев Қарағанды облысына іссапармен барды

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Республикалық ревматология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас ревматологы, Қазақ ревматологтар алқасының төрағасы, Еуразия ревматологтар лигасының президенті, APLAR вице-президенті Ғалымжан Тоғызбаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.

Еліміздің бас ревматологы жұмыс сапары барысында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Кенжебаевпен, облыстық клиникалық аурухананың директорының м.а. Люция Гомельмен, сондай-ақ Қарағанды облысының штаттан тыс бас ревматологы Руслан Ишиговпен кездесті. Облыстық клиникалық аурухана базасында Ревматология орталығын құру, сондай-ақ Балқаш, Абай, Шахтинск қалаларында ревматолог мамандарының болмауы, Теміртау қаласы мен облыс орталығындағы кадр тапшылығы мәселелері талқыланды.

Өңірдің ревматологтары, емханалар өкілдері және Қарағанды медицина университеті базасында білім алып жатқан ревматолог-резиденттердің  қатысуымен Ревматологтар мектебі ұйымдастырылды. Кездесу барысында ревматологиялық қызметтің даму перспективалары, жүйелі қызыл жегі және ревматоидты артрит секілді нозологиялар бойынша тіркелім құру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, ревматоидты артрит пен жүйелі қызыл жегіні диагностикалау және емдеудің заманауи әдістері бойынша материалдар ұсынылды. Ревматологиялық қызметті одан әрі жетілдіру бағытындағы нақты жоспарлар айқындалды.

Ғалымжан Асылбекұлы өңірде ревматологияны дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет