logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

КІАҒЗИ Республикалық ревматология орталығының басшысы Ғалымжан Тоғызбаев Түркістан облысына іссапармен барды

Түркістан облысына іссапары аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас ревматологы, Республикалық ревматология орталығының басшысы Ғалымжан Тоғызбаев Облыстық клиникалық ауруханасына барып, облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды, ОКА басшысы Жанболат Дильдабеков және басқа да мамандардың қатысуымен жұмыс отырысын өткізді.

Облыстың штаттан тыс бас ревматологы Дәулет Медеуов өңірдегі ревматологиялық қызметтің жай-күйі туралы баяндады. Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал, Шардара, Жетісай аудандарында ревматолог мамандардың тапшылығы, сондай-ақ подагра, ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі сияқты аурулар бойынша бірыңғай тіркелім құру мәселелері қаралды. Сонымен қатар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері мен оны шешу жолдары да талқыланды.

Ғалымжан Асылбекұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен клиникалық аурухана басшылығына аурухана базасында Ревматологиялық орталық ашуға қолдау көрсеткені және өңірдегі ревматология қызметінің дамуына жәрдемдескені үшін алғысын білдірді.

Отырыс соңында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ревматологтарының қатысуымен «Ревматолог мектебі» өткізілді. Онда ревматоидты артрит пен жүйелі қызыл жегіні заманауи диагностикалау және емдеу әдістері жөнінде материалдар ұсынылды.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет