logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Клиникалық - фармакологиялық бөлім

Клиникалық-фармакологиялық бөлім — «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы құрылымдық бөлімшесі, ол сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірістік бөлімшелерге уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Бөлімнің негізгі мақсаты:

Дәрілік заттарды клиникалық қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру.

Госпиталды фармация бөлімінің ашылуы қолданыстағы нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық-құқықтық, әкімшілік және басқарушылық құжаттардың талаптарын ескере отырып, клиникалық тиімділікке, дәрілік терапияның қауіпсіздігіне, профиль бойынша пациенттерге жоғары технологиялық медициналық қызметтерді және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыруда дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға қол жеткізуге бағытталған.

 

Негізгі функциялары:

  • Клиникалық құрылымдық бөлімшелерде дәрілік заттарды тағайындау және енгізу ережелерінің сақталуын бақылау;
  • Дәрілік заттарды қауіпсіз және ұтымды тағайындау мақсатында фармакотерапияны жүйелі түрде талдау, дәрілік терапияның әсерін, оның ішінде жанама әсерлерін бақылау;
  • Жұмыс профилі мен ерекшелігіне сәйкес өндірістік бөлімшелерді дайын дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
  • Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізу ережелері бойынша белгіленген нормативтік актілерді сақтау;
  • Фармацевтикалық тәртіпті сақтай отырып, бөлімшелерде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдау, сақтау және беру.

 

Бөлім қызметінің бағыттары:

  • Аурудың ауырлығын, функционалдық жүйелердің жай-күйін, генетикалық және жас ерекшеліктерін, дәрілік заттардың фармакокинетикалық мониторинг деректерін ескере отырып, дәрілік терапияны ұтымды ету мақсатында пациенттерге кеңес беру;
  • Дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар болған немесе дәрілік терапияға күтпеген қарсылық байқалған науқастарды күтуге қатысу;
  • Келесі жағдайларда дәрілік заттарды тағайындауға қатысу:

 

    • жағымсыз реакциялардың ықтималдығын арттыратын дәрілік заттарды тағайындау кезінде;
    • құрысуға, микробқа қарсы препараттарды тағайындағанда;
    • бір емделушіге бір мезгілде (бір тәулік ішінде) бес немесе одан да көп дәрілерді немесе емдеудің бүкіл курсы ішінде оннан астам түрін тағайындағанда;
    • бүйрек, бауыр функциясының бұзылуымен және фармакокинетикасын өзгертетін басқа да жағдайлармен туындайтын ауруларға дәрілік препараттарды тағайындау кезінде;
    • пациентте фармакогенетикалық белгілердің болуына күдік болған жағдайда
    • төмен емдік индексі бар препараттарды тағайындау кезінде;
    • Жүктілік және бала емізу кезінде, соның ішінде ауыр жағымсыз реакциялардың даму қаупі бар препараттарды тағайындау кезінде.
Клиникалық - фармакологиялық бөлім
Клиникалық - фармакологиялық бөлім
  • Пациенттерді емдеу стандарттары мен басқару хаттамаларын қалыптастыруға қатысу;
  • Дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігін бақылауда ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;
  • Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану шараларын әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын бақылау;
  • Дәрілік заттарды қолданудың ұтымдылығын талдау бойынша шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
  • Дәрілік терапияны дербестендіру мақсатында дәрілік заттардың концентрациясын талдауды, фармакогенетикалық талдауды қоса алғанда, арнайы зертханалық зерттеулерге көрсеткіштерді анықтау, олардың негізінде терапияны ұсыну;
  • Емдік-диагностикалық жұмыстарды және клиникалық сынақтарды жүргізу үшін қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етудің ассортименті мен көлемін қалыптастыруға қатысу;
  • Дәрілік заттарды қолдану, олардың қауіпсіздігі, дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі, оның ішінде сұраныс бойынша оқу конференцияларын, семинарлар, консультациялар ұйымдастыру арқылы ақпараттық жұмысты жүзеге асыру;
  • Дәрілік заттарды қолданудың ұтымдылығы мен қауіпсіздігін талдау нәтижелері туралы ақпаратты дәрігерлерге жеткізу;
  • Дәрілік заттарды қолданудың клиникалық-экономикалық талдауын жүргізу;
  • Фармакоэпидемиологиялық талдау жүргізу;
  • Дәрілік терапияны тағайындау кезінде шешім қабылдауды қолдау жүйесін ұйымдастыруға қатысу.

Бөлім басшысы

Бақтығалиева Айгүл Қангерейқызы

  • Жоғары санатты фармацевт.
  • Іскерлік басқару магистрі.
  • Еңбек өтілі 28 жыл.

Марапаттары:

  • «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі.
  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің мерейтойлық медалі.
Клиникалық - фармакологиялық бөлім

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет