Ресми интернет-ресурс
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында еліміздегі алғашқы үйлестіру және мамандандырылған орталықтар ұйымдастырылды:
Пациенттерді қабылдау ӘМСҚ, ТМККК шеңберінде және ақылы негізде жүргізіледі.
ҒЗИ-да жұмыс істейтін елдің жетекші мамандары мен тәжірибелі сарапшылардың үлкен әлеуеті, жақсы материалдық-техникалық база ғылыми қызметті одан әрі дамытуға, халыққа медициналық көмектің тиімділігін, сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Орфандық патология орталығы
Орталыққа муковисцидоз, бастапқы өкпе гипертензиясы, өкпенің интерстициалды аурулары, Фабри және Гоше аурулары, қысқа ішек синдромы, тағы 7 нозология сияқты сирек кездесетін аурулар бекітілген.
Диабеттік табан және метаболизм кабинетінің жұмысы қант диабетінің әртүрлі түрлерімен ауыратын науқастарға, оның асқынуларына мамандандырылған көмек көрсетуге, оқу және ғылыми-зерттеу басым бағыттарын анықтауға, медициналық кадрларды оқыту мен дайындауға бағытталған.
ҚР қант диабетімен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, олардың өмір сүру сапасын арттыру, мүгедектікті азайту және аяқ-қол ампутациясының алдын алу мақсатында құрылған.
Артериялық гипертония орталығының (AГ) мақсаты мен миссиясы: пациенттерді бақылаудың жеке бағдарламаларын әзірлеу арқылы аурудың ауыртпалығын және байланысты асқынуларды азайту.
Липидология орталығында күрделі науқастарға назар аударылады. Мұнда липидтік алмасуы бұзылған және атеросклерозы бар науқастарды бақылау принциптері енгізілуде. Отбасылық дислипидемияның дифференциалды диагностикасы жүргізіледі, төмен тығыздықтағы липопротеидтердің мақсатты деңгейіне жетпеген жағдайда жеке терапия таңдалады.
Жоспарда: липидтер алмасуы бұзылған пациенттердің тіркелімін енгізу, институт ішінде, қалалық және республикалық деңгейлерде пациенттерді бағыттау жоспарын әзірлеу және дәрігерлерді дислипидемия менеджментінің қазіргі заманғы ережелеріне оқыту.
Ішектің қабыну аурулары және қысқа ішек синдромы орталығы пәнаралық топтың өзара әрекеттесуімен асқазан-ішек жолдарының ауруларын, соның ішінде ішектен тыс көріністер мен тамақтанудың бұзылуын ерте диагностикалауды және емдеуді жүзеге асырады.
Орталық мамандары өңірлердің дәрігерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді, Денсаулық сақтау мамандары үшін білім беру және ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізеді.
Ресми интернет-ресурс