logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Осы жылдың 1 жартыжылдығында КІАҒЗИ жетекші мамандары ауыр жағдайдағы 209 науқасқа телемедицина арқылы кеңес берді

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының жетекші мамандары көптеген жылдар бойы диагностика мен емдеудің әр кезеңінде  диагнозын және емдеу әдістерін нақтылау үшін, ауруханаға жатқызу орны мен мерзімдері туралы мәселені шешу мақсатында еліміздің барлық өңірлерінің денсаулық сақтау мамандарына, ауыр жағдайдағы науқастарға, оның ішінде жүкті әйелдерге телемедицина арқылы қашықтан кеңес береді.

2025 жылдың 6 айында әртүрлі патологиясы бар 209 пациентке кеңес берілді.  Бүгінгі таңда жүрек ауруы бар ауыр науқастардың саны артып отыр. Консультация алғандардың 25% — дан астамын кардиологиялық сырқаты бар пациенттер, 20% — ға жуығын ревматологиялық аурулары бар пациенттер, 15% — ға жуығын нефрологиялық аурулары бар, 14% — дан астамын гематологиялық аурулары бар, 13% — ға жуығын гастроэнтерологиялық аурулары бар, 7% — ға жуығын эндокринологиялық аурулары бар пациенттер құрайды. Сырттай консультациялық медициналық көмек пульмонологиялық және кардиохирургиялық бейіндегі пациенттерге де көрсетіледі.

Телемедицина республика өңірлерінде сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті кеңейтеді. Әдістің артықшылығы — консилиум түрінде әртүрлі профильдің жетекші сарапшыларын жинау мүмкіндігі. Мұндай консультациялар өңірлердегі әріптестерге ауыр науқастарды институтқа өмірлеріне қауіп төндірмей тасымалдауға, дұрыс диагноз қоюға, емдеу тактикасын анықтауға, барлық деңгейлерде көмек көрсету траекториясын белгілеуге, сондай-ақ жүктілікті сақтауға мүмкіндік береді. Көп жағдайда сапалы диагностиканы және терапияны таңдауды жүзеге асыру үшін, мамандар көрсеткіштеріне қарай институтқа жатқызу қажеттілігін растайды.

 

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет