logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Қазақстан 2029 жылы Азия-Тынық мұхиты өңірі ревматологтарының Халықаралық конгресін Астанада өткізуге өтінімді жеңіп алды

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ республикалық ревматологиялық орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас ревматологы, Қазақ ревматология алқасының президенті, Еуразия ревматологтар лигасының (LEAR) президенті Ғалымжан Тоғызбаев Азия-Тынық мұхиты өңірі ревматологтарының 27-ші халықаралық конгресіне қатысып, «Ревматоидты артритпен ауыратын науқастардың қазақстандық тіркелімі: клиникалық практика, зерттеу және денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызы»  тақырыбында баяндама жасады. Әлемнің 60-тан астам елінен 2800 делегат қатысқан Конгресс 2025 жылдың 3-7 қыркүйегі аралығында Жапонияның Фукуока қаласында өтті.

Ревматолог, терапевт, ортопед, клиникалық иммунолог, физиотерапевт дәрігерлердің, оңалту мамандарының, балалар дәрігерлерінің, сондай-ақ сабақтас пәндер зерттеушілерінің қатысуымен өткен әлемнің жетекші сарапшыларының жиналысы барысында ревматологиядағы соңғы жетістіктер және медициналық практикадан клиникалық жағдайлар (ауыр диагностикалық жағдайлар, жаңа терапиялық тәсілдерді қолдана отырып емдеудің типтік емес нәтижелері) талқыланды.

1963 жылы құрылған Азия-Тынық мұхиты ревматология қауымдастықтарының лигасына (APLAR) әлемнің 35 қауымдастығы кіреді, оның ішінде барлық Азия елдері, араб елдері, Австралия және Жаңа Зеландия.

Қазақстан Үндістан мен басқа елдерден озып, 2029 жылы Халықаралық  конгресс өткізуге өтінімді жеңіп алды. Берілген 10 өтінімнің 5-і қабылданбады, бес өтінімнің ішінен екеуі — ҚР және Үндістан таңдалды. Бас Ассамблеяда 15:18 дауыспен Қазақстан жеңіске жетті. Конгресс 4 жылдан кейін Астанада өтеді. Ревматологтар қауымдастығының Азия-Тынық мұхиты лигасының вице-президенті болып Ғалымжан Тоғызбаев сайланды.

Қазақстан ревматологиясын еліміздің және Орталық Азия тарихында тұңғыш рет болған айтулы оқиғамен, Ғалымжан Асылбекұлын осындай жоғары позицияға сайлануымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет