Кардиолог дәрігерлердің, терапевт, жалпы практика дәрігерлерінің, аритмологтардың және интервенциялық кардиологтардың қатысуымен Қазақстан кардиологтарының XVI Конгресі.
Іс-шараның мақсаты: жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша кардиология мамандарының тәжірибесімен алмасу, кардиология саласындағы инновацияларды жариялау.
Конгресс аясында жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша жаңа халықаралық ұсыныстар ұсынылды, кардиологиядағы пәнаралық аспектілер және т.б. сұрақтар талқыланды.
Италия, Германия, Сербия, Испания, Қазақстан, РФ, Армения, Украина, Грузия, Қырғызстан және Беларусь Республикасының жетекші мамандары кардиологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі ең жаңа тәсілдерді, ғылыми зерттеулердің деректерін ұсынды.
Іс — шара аясында дәстүрлі түрде жас ғалымдар байқауы, үшінші рет-қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың резидент-кардиологтары арасында байқау өтті.