📅 Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты 2025 жылғы 28 мамырдағы Басқарма отырысының (№ 05 хаттама) қорытындысы бойынша 2025-2027 жылдарға арналған институт ішіндегі гранттарға конкурс шеңберінде келесі ғылыми-зерттеу жобалары қаржыландыруға мақұлданғанын хабарлайды:
1️⃣Жоба: Метаболикалық байланыстырылған бауыр стеатотикалық ауруы бар пациенттердің клиникалық-генетикалық бейінін бағалау
жетекшісі: А.Е. Жұмабаева
2️⃣Жоба: Бароподометрлік платформаны пайдалана отырып, қант диабетімен ауыратын науқастарда трофикалық жаралар мен диабеттік остеоартропатия қаупін болжамдық бағалау
жетекшісі: Даньярова Л.Б.
3️⃣Жоба: Миокардты хирургиялық реваскуляризациялаудан кейін созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде кардиометаболикалық тәуекелдердің және ұзақ мерзімді клиникалық нәтижелердің болжамы ретінде өсуді саралау факторы-15 (GDF-15)
жетекшісі: Р.М. Төлеутаев
Жоба жетекшілерін және олардың командаларын қаржыландырумен құттықтаймыз және ғылыми зерттеулерді табысты жүзеге асыруды тілейміз!