logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Қызылорда облысына іс сапары аясында Республикалық ревматология орталығының басшысы Ғалымжан Тоғызбаев Ревматологиялық орталық құру мәселелерін талқылады

Қызылорда облысына іс сапары аясында Республикалық ревматология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас ревматологы, профессор Ғалымжан Тоғызбаев облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшының міндетін атқарушы Жаныл Абубакированың, қалалық және аудандық ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлері және басқа да мамандардың қатысуымен жұмыс отырысын өткізді.

Облыстың штаттан тыс бас ревматологы Серікбол Сапарбаев өңірдегі ревматологиялық қызметінің жай-күйі туралы баяндады.
Шиелі, Сырдария, Арал, Қармақшы аудандарында ревматолог мамандардың тапшылығы, сондай-ақ, подагра, ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі сияқты аурулар бойынша бірінғай тіркелім құру мәселелері мен оның шешу жолдары талқыланды.

Көпбейінді қалалық аурухана  базасында Ревматологиялық орталық құру мәселелері де талқыланды.

Біліктілікті арттыру: тұрақты оқыту семинарларын, тренингтерді, ревматологиялық мектептер ұйымдастыру, ревматологиялық қызметті дамыту, ревматолог дәрігерлерді  Халықаралық конференцияларына қатысуға жәрдемдесу мәселелері айтылды.

Жас  мамандарды — ревматолог дәрігерлерді  аудандарға “Дипломмен ауылға!” жобасы аясында біржолғы төлем арқылы 2026 жылы ревматолог дәрігерлерді жұмыспен қамтамасыз ету ұсынысы талқыланып, шешімін тапты.

Ғалымжан Асылбекұлы  Қызылорда облысында  ревматологиялық науқастарға көмек көрсетуді жақсарту мақсатында Ревматологиялық орталықты ұйымдастыру және дамыту перспективаларын атап өтті. Орталықтың ашылуымен ревматикалық аурулардың диагностикасы жақсарады. Базистік препараттарды уақтылы тағайындауды қамтамасыз ете отырып, пациенттерді динамикалық бақылау ұйымдастырылады, бұл пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Отырыс соңында облыстың ревматолог дәрігерлерінің қатысуымен Ревматолог мектебі өткізілді. Онда ревматоидты артрит пен жүйелі қызыл жегіні заманауи диагностикалау және емдеу әдістері жөнінде материалдар ұсынылды.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет