logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Токтарова Анар Бауыржановна

Білімі: жоғары (мамандығы-емдеу ісі)

1995-2001 ж.: Алтай мемлекеттік медицина университеті, «емдеу ісі» мамандығы бойынша дәрігер дипломы

2001-2002 ж.: Алтай мемлекеттік медицина университетінің дәрігерлердің білімін жетілдіру факультеті жанындағы сот медицинасы кафедрасында интернатура, сот-медициналық сараптама мамандығы.

2005 ж.: Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру университетінің базасында «Патологиялық анатомия» мамандығы бойынша қайта даярлау.

Жұмыс өтілі: 23 жыл

Жұмыс тәжірибесі: 

2002 – 2007 ж. — Қазақстан Республикасы Сот медицинасы орталығының Алматы филиалы танатология бөлімінің сот-медициналық сарапшысы.

2007 — 2008 ж.: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Сот медицинасы орталығының Ақмола филиалының күрделі сараптамалар бөлімінің меңгерушісі.

2008 — 2009 ж.: С.Ж. Асфендияров ат. Қаз ҰМУ патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

2009 — 2010жж.: Алматы қ. Жедел жәрдем ауруханасының патологоанатом дәрігері және С.Ж. Асфендияров ат. Қаз ҰМУ патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

2011ж. -2017ж.: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Сот медицинасы орталығы Алматы филиалының гистологиялық бөлімшесінің сот-медициналық сарапшы дәрігері.

2017ж-2023ж.: «Орталық клиникалық аурухана» АҚ патологиялық-анатомиялық бөлімшесінің патологоанатом дәрігері.

2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ патоморфолог-дәрігері.

Маман сертификаты: патологоанатом дәрігер

Біліктілікті арттыру: 

2014 жыл —  «Жатырдың және жатырдың қосалқысының аурулары»,

2016 жыл – «Патоморфологияның таңдаулы мәселелері»,

2020 жыл – «Жұқпалы аурулардың патоморфологиясы»,

2024 жыл – «Ішектің қабыну ауруларының эндоскопиялық және морфологиялық диагностикасының өзекті мәселелері»,

2024 жыл — Ұлттық медициналық ұйым базасында біліктілікті арттыру, Нагасаки медициналық орталығы, патология бөлімшесі. Тақырыбы: Бауырдың, ішектің және асқазанның қабыну ауруларының диагностикасы, «PAID жүйесі бойынша IҚА диагностикасы».

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет