logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы және Қазақстан кардиологтарының XVII Конгресі: жүрек денсаулығы үшін күш-жігерді біріктіру

 

Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы және Қазақстан кардиологтарының XVII Конгресі: жүрек денсаулығы үшін күш-жігерді біріктіру

 

12 және 13 маусымда Түркістанда халықаралық қатысумен Орталық Азия кардиологиясы саласындағы ең ірі ғылыми оқиғалардың бірі — Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы және Қазақстан кардиологтарының XVII Конгресі өтті.

Ұйымдастырушылары: С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, ҚР Кардиологтар қауымдастығы, Қазақстан жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және атеросклероз мамандарының қоғамдары, Түркістан облысының әкімдігі. Іс-шараның мақсаты: жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау, емдеу, алдын алу бойынша қазақстандық және шетелдік кардиология мамандарын біріктіру, оқыту, өзара әрекеттесу, тәжірибе алмасу, кардиология саласындағы инновацияларды жариялау.

Бұл бірегей оқиға Қазақстанның, Түркияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Түрікменстанның, Ресейдің, Беларусьтың, Германияның, Италияның, Португалияның және Австралияның жүзден астам көрнекті мамандарын — жетекші кардиологиялық мектептер мен ғылыми орталықтардың өкілдерін біріктірді. Форум бағдарламасы артериялық гипертензиядан бастап кардиогенетикадағы және жасанды интеллектті қолданудағы жаңа тәсілдерге дейінгі өзекті тақырыптардың кең ауқымын қамтыды.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мен практикалық дәрігерлері белсенді түрде Конгресс жұмысына қатысты. КІАҒЗИ Қазақстанның кардиологиялық, кардиохирургиялық және терапиялық қызметтерінің флагманы болып қалуда, онда еліміздің барлық өңірлерінен келетін жүрек және басқа да ішкі органдардың ауыр және диагностикалауда күрделі аурулары бар пациенттерге ең заманауи медициналық көмектің барлық түрлері жүзеге асырылуда.

Мұндай кездесулер озық ғылыми деректер мен клиникалық тәжірибемен алмасу, жүрек-қан тамырлары ауруларымен күресте одан әрі ілгерілеу үшін негіз бола алатын жаңа кәсіби байланыстар, бірлескен жобалар мен бастамалар орнату үшін мүмкіндіктер береді.

Екі күн ішінде құрылтай отырыстары, атеросклероз және дислипопротеинемия, жүрек қызметі жеткіліксіздігі, аритмия, жедел коронарлық синдром және миокардтың құрылымдық ауруларын эндоваскулярлық емдеу, кардиоонкология, балалар кардиологиясы және ЭХОКГ бойынша сессиялар өтті. Жас ғалымдардың дәстүрлі байқауы, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындары мен орталықтардың резидент — кардиологтары арасында байқауы өтті.

Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы және Қазақстан кардиологтарының XVII Конгресі инновацияларды енгізу, пәнаралық және халықаралық әріптестікті нығайту үшін қуатты серпін болды.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов кардиология және кардиохирургия саласындағы қызметі үшін Қазақстан кардиологтар қауымдастығының «Ақ жүрек» сыйлығына ие болды.

 

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет