Ұйымдастырушылар: С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық, ҚР Кардиологтар қауымдастығы, жүрек қызметі жеткіліксіздігі жөніндегі Еуропалық қауымдастық және қазақстандық жүрек қызметі жеткіліксіздігі жөніндегі мамандар қоғамы.
Іс-шара барысында жүрек-қан тамырлары патологияларын диагностикалау және емдеу бойынша соңғы жаңалықтар талқыланды, негізгі қазақстандық және халықаралық спикерлермен телекөпірлер өткізілді, медициналық практикадан неғұрлым айқын жағдайларды талдау және клиникалық ұсынымдарды талқылау жүргізілді. Қатысушылар пікірталас клубына қатысты. Жас ғалымдардың дәстүрлі байқауы, екінші рет — қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың резидент-кардиологтары арасында байқау өтті.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша тәжірибе және білім алмасу жүрек ғылымы мен практикасын дамытуға және жетілдіруге көмектеседі.
Мұндай Конгрестер мамандарға соңғы ғылыми жетістіктер туралы білуге, өзекті мәселелерді талқылауға және ортақ мақсаттарға жету үшін ынтымақтастық жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.