Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек бастаған, құрамында қалалық және облыстық көпсалалы ауруханалардың бас дәрігерлері, ревматология, кардиология, эндокринология, невропатология салалары бойынша штаттан тыс мамандар бар делегация Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында болды.
Жамбылдық әріптестердің сапарының мақсаты институтта жөндеу, инфрақұрылымды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу саласындағы озық тәжірибемен танысу,
Қонақтар басшылықпен кездесіп, бейінді мамандарды даярлау, біліктілікті арттыру, ғылыми және ұйымдастыру-әдістемелік қызмет мәселелері талқыланды. Сапар барысында әріптестеріне мамандандырылған орталықтардың жұмысы туралы айтып, ішкі ағзаларының патологиясымен пациенттерді диагностикалау, емдеу, емдеу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша Институт пен Облыстық көпсалалы аурухана арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


