https://kaz.inform.kz/news/zhukt-ayelderdeg-arteriyalik-gipertenziya-nelkten-kan-kisimin-bakilau-manizdi-ccf085/
АСТАНА. KAZINFORM – Артериялық гипертензия шамамен әрбір оныншы жүкті әйелде кездеседі және түсік түсу, асқыну және өлім қаупі жоғары топқа жатады. Гипертониямен ауыратын әйелдер үшін жалпы практика дәрігерімен және акушер-гинекологпен консультация арқылы жүктілікті алдын ала жоспарлау маңызды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жазды.