Емтихан кестесі 2024. Жүктеп алу
Медициналық ЖОО түлектері мен жас дәрігерлердің назарына!
Құрметті түлектер мен студенттер, «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» АҚ резидентура білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау науқаны басталғаны туралы ақпаратты қуана хабарлайды:
- Аллергология және иммунология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл;(жүктеп алу)
- Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 3 жыл; (жүктеп алу)
- Гастроэнтерология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл; (жүктеп алу)
- Кардиология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 3 жыл; (жүктеп алу)
- Пульмонология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл; (жүктеп алу)
- Ревматология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл; (жүктеп алу)
- Терапия, оқу мерзімі – 2 жыл; (жүктеп алу)
- Эндокринология (ересектер, балалар), оқу мерзімі – 2 жыл; (жүктеп алу)
Резидентураға қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде қабылдау жүзеге асырылады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- жоғары медициналық білім;
- «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы;
- қабылдау емтиханынан сәтті өту.
Құжаттарға қойылатын талаптар туралы немесе қабылдау емтиханын өткізу тәртібі сұрақтары жөніндегі қосымша ақпаратты біздің веб-сайттан немесе жауапты хатшы Буркитбаева Гульмира Навирдиновнаға хабарласу арқылы алуға болады:
📞: +7(727)2330022
+7(777)234 26 37
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Құжаттарды қабылдау:
Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі,120/25, 428 кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі, кәсіптік және қосымша білім беру департаменті
Резидентураға түсушілердің өтініштерін қабылдау: 3 – 25 шілде
Қабылдау емтихандары: 8 – 16 тамыз
Оқуға түскендердің құжаттарын қабылдау: 20 – 28 тамыз
Оқуға түскендерді тіркеу: 28 тамызға дейін
Жұмыс уақыты: сағат 08.00-17.00. (13.00-14.00-үзіліс)
Барлық мүдделі үміткерлерді осы мүмкіндікті жіберіп алмауға және көрсетілген мерзімде құжаттарын тапсыруға шақырамыз.
Сіздерді біздің резиденттеріміздің қатарынан көруге қуанышты боламыз!
Қажетті құжаттар тізімі
Резидентураға тапсыратын үміткерлер 2024 жылғы 3-25 шілде аралығында қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды өткізеді:
1. Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірмесі);
2. Денсаулық сақтау бакалавры дәрежесін беру туралы диплом және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дипломға қосымшалар (түпнұсқалары мен көшірмелері);
3. Дәрігер біліктілігін беру туралы диплом және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дипломға қосымша (түпнұсқалары мен көшірмелері);
4. Интернатураны бітіргені туралы куәлік (түпнұсқа және көшірмесі);
5. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты (түпнұсқа және көшірмесі);
6. Алдыңғы жұмыс орнынан кадрлар бөлімі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
7. Әскери билеттің немесе тіркеу куәлігінің түпнұсқасы (түпнұсқа және көшірмесі);
8. Барлық бағандарды толық толтырылған 075-у нысанды медициналық анықтама, флюорография;
9. Өлшемі 3x4 сантиметр болатын екі фотосурет;
10. Интернатурада қорытынды аттестаттаудың 1-кезеңінің нәтижесі (білім беру ұйымы деканының қолымен және мөрімен расталған «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы»РҚБ (ҰТЕО) өткізетін тестілеу (бар болса);
Егер интернатураны бітірген жылы тестілеу өткізілмесе, онда қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырғанға дейін үміткер «Жалпы медицина» / «Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша ҰТЕО-ға тестілеуді тапсырады
11. Ғылыми басылымдардың болуын растайтын құжаттар (бар болса);
12. Қолданыстағы TOEFL және IELTS сертификаттары (бар болса);
13. Ұйымнан шарт жасасу және оқу шығындарын төлеу туралы кепілдік хат (ақылы негізде оқуға түсушілер үшін, ұйымның оқу ақысын төлеу шарттарында)
14. Көк түсті серіппелі қысқышы бар пластикалық папка-1 дана.
ЕСКЕРТУ:
1. Құжаттарды комиссияға үміткердің өзі тапсырады;
2. Дипломға қосымшада GPA болмаған жағдайда үміткер өзі оқыған білім беру ұйымының қолымен және мөрімен расталған GPA орташа балын қайта есептеу туралы анықтама ұсынады;
3. Құжаттарды қабылдау Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 120/25, 428 кабинет мекенжайы бойынша Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жүргізіледі.
Құжаттар сағат 08.00-ден бастап - сағат 17.00-ге дейін қабылданады (түскі үзіліс: сағат 13.00 -14.00), сенбі, жексенбі – демалыс күндері.
Құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы өтінішті одан әрі қараудан бас тартуға құқылы.