Эпидемиологиялық бақылау қызметінің мақсаты - профилактикалық/эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу, науқастар мен қызметкерлер үшін қауіпсіз жағдай жасау, микробиологиялық мониторингті ұйымдастыру.
Негізгі мақсаттары:
- Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу және оларды болдырмау үшін барлық бөлімшелермен нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды ұйымдастыру (бұдан әрі – ИМК).
- Іріңді-септикалық ауруларды (ІСА), басқа да асқынуларды және жұқпалы ауруларды қоса, ИМК мониторингі.
- ИМК тіркеудің толықтығын және уақытылы тіркелуін бақылау, эпидемиологиялық жағдайды талдау.
- Инфекциялық бақылау мәселелері бойынша кеңес беру және іс-шараларды үйлестіру.
- Бөлімшелерде микробиологиялық мониторингті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- Инфекция көздерін іздеу және қауіп факторларын зерттеуді талдау.
- Емдеу-диагностикалық технологиялар өткізгендегі қауіп факторларын зерттеу. Қауіпсіз процедуралардың стандарттары мен алгоритмдерін енгізу.
- Асқыну жағдайларын эпидемиологиялық тексеру. Ауру ошағын локализациялау бойынша профилактикалық/эпидемияға қарсы шараларды әзірлеу.
- Құрылымдық бөлімшелердің эпидемияға қарсы режимін, кір жуу, зарарсыздандыру және қоғамдық тамақтандыру бөлімдерінің жұмысын бақылау.
- Медициналық қалдықтардың қайта өңдеуін бақылау.
- Ауруханаішілік инфекциялардың өзекті мәселелері және ИМК эпидемиологиялық қадағалау бойынша семинарлар ұйымдастыру және өткізу.
- Медицина қызметкерлерін инфекциялық бақылау және ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы бойынша оқыту және аттестациялау.
- Медицина қызметкерлерінің кәсіптік инфекциясының алдын алу бағдарламасын әзірлеу (қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, вакцинациялау, мерзімді медициналық тексерулер).