Телемедицина

Previous Next

Телемедицина орталығы

Телемедицина орталығының жұмысында қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттардың тізімі:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі

- Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі

- «Телемедициналық орталықтардың қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы тамыздағы № 471 бұйрығы

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмек көрсету департаментінің 2012 ж.20 сәуірдегі № 11-3-2804/ хаты.

Телемедицина орталығының міндеттері

· Денсаулығы ауыр жағдайдағы науқастарға консультация беру

· Алдын ала диагнозды, емдеу әдістерін нақтылау және ауруханаға жатқызу орны мен уақыты туралы мәселені шешу үшін науқастарға емделуге жатқанға дейінгі консультация жүргізу

· Диагностикалау мен емдеудің түрлі кезеңдерінде денсаулығы ауыр науқастарға консультация беру

· Қашықтықтан біліктілігі мен білімін арттыру

· Тәжірибемен алмасу жөнінде ғылыми-практикалық симпозиумдар мен семинарлар жүргізу

· Республикалық деңгейде селекторлық мәжілістер өткізу

Телемедицина орталығында консультациялар өткізудің тәртібі

КЛИЕНТ-пациент жүйесінде тіркеу

Консультацияны жоспарлау: консультацияның уақыты мен күнін тағайындау, қосымша зерттеу

Консультация жүргізу

Консультативтік қорытынды жасау

1.png

КІА ҒЗИ пациенттің телемедициналық консультацияға алуға өтініш беру тәртібі

МСАК дәрігері КІА ҒЗИ телемедициналық консультацияны жүргізуге көрсеткіштердің болуын анықтайды.

  1. МСАК дәрігері телемедициналық консультация жүргізуге және пациентті өңірлік телемедицина орталығына барлық зерттеудің қажетті деректері бар өтінімді жібереді.
  2. Өңірлік телемедицина орталығы пациенттің көшірмесі мен КІА ҒЗИ телемедициналық консультациядан өтуге өтінімін КЛИЕНТ жүйесі бойынша деректерді тіркеу парағымен бірге жібереді.
  3. Консультацияны жоспарлау
  4. Консультация уақыты мен күнін, қосымша зерттеуді тағайындау.
  5. Консультативтік қорытындыны құру.